Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

 Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің - Тәуелсіз Қазақстаным.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж1. Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру ТБ1. Сөз таптары
Сабақ мақсаты: Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу.
Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Үй жұмысын сұрау.
Ой сергіту.
3. «Өткен шақ + қазіргі шақ + келер шақ» әдісі. Өткен сабақ туралы бір дерек, қазіргі көңіл күйін және алдағы сабақтан күтетін дүниелерін жазады.
4. Жаңа тақырып, оқу мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.
Назарын шоғырландыру.
«Миға шабуыл»
Тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін білесіздер?
Ең басты жетістігіміз қайсы деп ойлайсыздар?
Неліктен?
Оқушылар екі минут ішінде осы сұрақтар аясында өз пікірлерімен бөліседі. Ж.
(Мұғалім өз кезегінде, оқушыларға тірек сөздермен, көмекші сұрақтармен көмек беріне болады. Мысалы: Экспо-2017, Универсиада, Азиада, ЕҚЫҰ саммиті, Шекарамыздың бекітілуі, Астана, Теңге, Елу дамыған мемлекеттің қатарына қосылу.)
Оқушылар стикер түстеріне қарай «Спорттық жетістіктер», «Саяси жетістіктер», «Экономикалық жетістіктер» болып үш топқа бөлінеді.
1-тапсырма. «Спорттық жетістіктер» тобына хат, «Саяси жетістіктер» тобына хабарландыру және «Экономикалық жетістіктер» тобына хабарламаның стильдік ерекшеліктерін, ережесін жасау тапсырмасы беріледі (Топтардан: А3 парақта, көрнекі, нақты әрі түсінікті ереже құрастырылуы сұралады). Дайын топ өз жұмысын қорғайды, ал қалған топтар оларды бағалайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу. Өз пікірін негіздейді
Стильдік ерекшеліктерді нақты көрсетеді.
Ережені көрнекі, нақты әрі түсінікті жасайды.
Қалыптастырушы бағалау
2 – тапсырма.
Оқушыларға 1-2-3 сандары таратылып беріледі. 1 саны түскен оқушылар «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» тақырыбында хабарлама, 2 саны түскен оқушылар хабарландыру, 3 саны түскен оқушылар хат жазады.
«Мемлекет, көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз, ұлан – байтақ, орналасқан, жер көлемі, қатар қолданылады, біртұтас, мақтанамын, бейбітшілік, бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да» тірек сөздері мен қарсылықты жалғаулықтарын пайдалана отырып хабарлама, хабарландыру, хат жазамыз.
Бағалау критерийі Дескриптор
Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу және ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу. Жазба жұмысында берілген тірек сөздер мен қарсылықты жалғаулықтарды орынды қолдана алады
Берілген тақырыпта өз ойын жүйелі жаза алады
Жазылым жұмысында ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып хат, хабарлама, хабарландыру жаза алады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 498



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!