Айналамыздағы әлем туралы жазу (3-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

 Айналамыздағы әлем туралы жазу (3-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем
Сабақ тақырыбы:Айналамыздағы әлем туралы жазу (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсіну және сақтау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды.
Көптеген оқушылар: үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды.
Кейбір оқушылар: мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және толықтай сақтайды.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар «Менің елім» тақырыбында сөйлемдер айтып, қадамдар жасайды. Бір сөйлем – бір қадам.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ж) «Адасқан сөйлемдер». Оқушылар берілген сөйлемдерді дұрыс құрастырады.
1) менің / туған / жерім / Қазақстан
2) менің / елімнің / табиғаты / сұлу
3) менің / туған жерімде / мөлдір / өзендер мен көлдер / биік / таулар / қалың / ормандар / көп.
4) менің / қалам / таза / және / әдемі
5) менің / үйімнің / қасында / дүкен / және / дәмхана / бар
(Ө) «Мен білемін!» Оқушылар берілген тапсырмалардың біреуін таңдап орындайды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне сай сараланған. Қандай тапсырманы таңдайтынын оқушының өзі шешеді.
1) Сұрақтарға жауап бер.
• Сен қай елде тұрасың?
• Сенің еліңде қандай жануарлар мекендейді?
• Сенің еліңнің табиғаты неліктен әсем?
• Сенің үйіңнің қасында не бар?
2) Сөйлемдерді оқы. Дұрыс/ бұрыстығын анықта. Бұрыс сөйлемдерді дұрыстап жаз.
• Менің елім – Көкшетау.
• Менің елімде мөлдір таулар, қалың өзендер, биік ормандар көп.
• Мен Көкшетау қаласында тұрамын.
• Менің қалам биік және таза.
• Менің үйімнің қасында саябақ пен мектеп бар.
3) Берілген сөздермен сөйлем құрастырып жаз.
• ел, табиғат, қалың, таза, қасында.
Дескриптор:
• сөйлем құрылысын сақтайды;
• бас әріп пен тыныс белгілерді қолданады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 791



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!