Кешкі ас мәзірін жазу №1 (1 сынып, 7 бөлім )

 Кешкі ас мәзірін жазу №1 (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақ және сусын
Сабақтың тақырыбы:Кешкі ас мәзірін жазу№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
2.4 Диалогке қатысу
1.2.4.1 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Қарапайым тілмен жазады. Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
Көбі: Қарапайым, түсінікті тілмен мұғалімнің көмегімен жазады. Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
Кейбірі: Қарапайым, түсінікті тілмен өзі жазады. Нақты әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Туған күн дастарқанына арналған ас мәзірін кітапша түрінде дайындап келеді. Өздерінің жазғандарымен бөліседі.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
(Т) Сыныпты үш топқа бөліп, әр түрлі тағам атаулары ұсынылады. Ол тағамның құрамына кіретін атаулар мен суреттерді байланыстырып жазады.
Постер жасаудың критерийлері:
• Суреттердің астына құрамына кіретін тағам атауларын жазу.
• Үш-төрт сөйлеммен тағам туралы жазу.
Жұмысты қорғаудың үлгісі:
Кешкі асқа анамен бесбармақ дайындадық. Бесбармаққа су, ет, тұз, бұрыш, пияз, қамыр саламыз. Дайын болғанда үстелге қоямыз. Ас дәмді болсын!
1 – топ Бесбармақ
Су, ет, тұз, пияз, бұрыш, қамыр аталған сөздердің суреттері беріледі.
2 – топ Палау
Күріш, ет, тұз, су, май, бұрыш, пияз, сәбіз аталған сөздердің суреттері беріледі.
3 – топ Борщ
Ет, су, тұз, бұрыш, қызылша, пияз, картоп, сәбіз, орамжапырақ аталған сөздердің суреттері беріледі.
Қорғалған жұмыстың ең жақсысын дәптерге түсіреміз.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Қантты қытыр-қытыр жейміз. (ерінді қимылдату арқылы көрсету)
Шайды үрлеп-үрлеп ішеміз. (ерін алға жылжиды)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 291



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!