Жеміс-жидектер және көкөністер– идеяларды есте сақтау№1 (1 сынып, 7 бөлім )

 Жеміс-жидектер және көкөністер–  идеяларды есте сақтау№1 (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақ және сусын
Сабақтың тақырыбы:Жеміс-жидектер және көкөністер– идеяларды есте сақтау№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру.
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
2.6 Сөйлеу мәнерін бағалау.
1.2.6.1 Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Күрделі айтылымдарды қайталайды.
Сабақ барысы:Ертеңгілік шеңбері
Оқушылар бір жемісті немесе көкөністі таңдап алады, екінші оқушы оған сұрақ қояды.
МЫСАЛЫ:
Мынау не? Ол не? Қайда өседі?Ол қандай болады?
Мынау – банан. Ол- жеміс. Банан ағашта өседі. Банан сары, тәтті, ұзын болады.
Мынау – картоп. Ол – көкөніс. Картоп жерде өседі. Картоп қоңыр, сопақ, домалақ болады.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы:
Жеміс-жидектер және көкөністер– идеяларды есте сақтау№1
Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
• Жидектердің атауларын есте сақтау;
• Қымылды, іс- әрекетті білдіретін сөздерді үйрену.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
(ҚБ) Мәтінді тыңдап, берілген үлгі бойынша басқа жидектермен ауыстып сөйлемдерді айту және іс-қимылмен көрсету.
Мынау – құлпынай. Ол – жидек. Мен құлпынайды жинаймын. Мен құлпынайды жуамын. Мен құлпынайды жеймін.
Суреттерге қарап, қандай іс-әрекетті көріп тұрғанын айту.
Бала не істейді?
Ол қызанақты жейді.
Қыз не істейді?
Қыз алманы жейді.
Анам не істейді?
Анам апельсинді кеседі.
Әпкең не істейді?
Әпкем қызанақтар мен алмаларды жуады.
Балалар не істейді?
Балалар алмаларды жинайды.
Қолмен көрсету арқылы бағалау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 010



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!