Нәтиже сабақ №12 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

 Нәтиже сабақ №12 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ №12
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
Сабақ мақсаттары:
1. Мұқият тыңдап, қарапайым нұсқауларды орындау
2. Тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып жазу
3. Сөйлемнің соңына тыныс белгілерді дұрыс қою
Оқушылардың барлығы: қарапайым нұсқауларды түсінеді, тақырып бойынша сөздерді сөйлемде қолданады, сұхбаттасушының сұрақтарына жауап береді
Оқушылардың көпшілігі: қарапайым нұсқауларды орындайды, тақырып бойынша сөздерді орынды қолданып, мәтін құрап жазады, сұхбаттасушыға сұрақ қояды, толықтырады
Оқушылардың кейбірі: мәтін құрылымын сақтап, ойын сауатты жеткізеді.
Сабақ барысы: Сабақ мақсатымен таныстыру
Нұсқауларды түсінемін және орындаймын.
Тақырып бойынша мәтін құрастырамын.
Тақырып бойынша диалогқа қатысамын.
(Ж, Ұ) «Үшіншісі артық» әдісі
Әр қатардан артық сөзді немесе суретті анықтап, себебін түсіндіреді.
Сөйлем үлгісі:1-қатарда ... сөзі артық, өйткені ол ...
1. Көбелек, қозы, ара
2. Өседі, қоректенеді, өлмейді
3. Сиыр, бота, жылқы
4. Өзгереді, жасыл, ұшады
5. Қасқыр, жолбарыс, түйе
6. Тауда, ертең, орманда
Орындап болған соң, кезекпен жұптар жауаптарын оқиды. Қалған оқушылар келісетіндерін/келіспейтіндерін айтады.
(Ө)Тыңдалым.
Сөйлемдерді мұқият тыңдайды. Жасырылған жануарды, құсты, жәндікті анықтап, суретін көрсетеді. Дұрыс жауаптары үшін әр оқушы өзіне + белгісін қойып, ұпай жинап отырады да, өз-өздерін бағалайды.
Мұғалім кері байланыс береді.
(Ө, Т) Жазылым.
Тірек сөздерді пайдаланып, «Жанды табиғат» тақырыбында мәтін құрап жазады.
Тірек сөздер:
Жанды табиғат, жануарлар, өсімдіктер, құстар, жәндік, өседі, өзгереді, ұшады
Дексриптор:
 Тақырып бойынша мәтін жазады.
 Мәтін құрылымын сақтайды.
 Сөздерді дұрыс байланыстырады.
Орындап болған соң, топқа бөліну. Топ ішінде жұмыстарды тыңдап, «үздік жұмысты» анықтайды. Үздік жұмыс иесі тақтаға шығып оқиды.
(Ж) Айтылым. Жанды табиғаттың өздерің қалаған бір түрі туралы диалог құрыңдар.
Жұптар тақтаға шығып, тақырып бойынша сөйлеседі.
Оқушылар дескриптор бойынша бағалайды.
 Тақырып бойынша сұрақ қояды.
 Қойылған сұраққа жауап береді.
 Сөйлемді дұрыс құрайды.
 Сөздерді дұрыс айтады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 149



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі