Сабақ жоспары: Батырлар жыры

Сабақ жоспары: Батырлар жыры казакша Сабақ жоспары: Батырлар жыры на казахском языке


Астана қаласы № 45 орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мухтарова Гульжайнар Кабдолдиновна

Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры
Сыныбы: 9 сынып
Мақсаты: Білімділік: Батырлар жырының мазмұны мен идеясын игерте отырып, жырды талдау арқылы жан-жақты ашу, меңгерту.Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз отанын,туған елін сүйіп, қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: батырларға тән қасиеттерді талдата отырып, оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ –жауап, талдау, сөйлесу, іздендіру, дәлелдеу
Көрнекілік: анимациялық слайдтар, батырлар жыры
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, халықтық педагогика, ән-әуез
Барысы:
І . Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ
Үй тапсырмасын тексеру «Өзің жетпеген жерге сөзің жетеді»дей келе үйге берілген тапсырмаға тоқталайық.
Сұрақ – жауап:
1. Ауыз әдебиетінің негізгі түрлерін атаңыздар.
2. Аңыз әңгімелер және оның ерекшеліктерін атаңыздар.
3. Аңыз әңгімелердің шығу себебі неде деп ойлайсыздар?
4. Аңыз әңгімеге арқау болған кімдерді білесіздер?
5. Үш топ өздері дайындап әкелген көріністерін назарларыңызға ұсынады, мұқият қарап отырып әділ бағалаңыздар.
І топ. Қожа Насыр ауылы
ІІ топ. Жиренше шешен ауылы
ІІІ топ. Алдаркөсе ауылы.
(Көрініс көрсетуде образды ашу да өнер, мәдениет. Бұл қасиетті меңгере отырып біз жүріп- тұруға, әдептілікке үйренеміз).
Жаңа сабақ. «Батырлар ел қорғаны, ел мақтаны» деген атпен жаңа сабағымызды бастаймыз. Алайда, сабақта бастамас бұрын сіздерге қояр сұрақтарым бар:
1. Ауыз әдебиетінен қандай батырлар есімі естеріңізде сақтаулы?
2. Ел аузында аты аңыз боп тараған Жоңғар шапқыншылығынде ерен ерлік көрсеткен қандай тарихи батырларды білесіңдер?
3. Енді осы ауыз әдебиетінде кездесетін батырлар мен тарихи батырлар арасындағы айырмашылықты айтып бере аласыздар ма?
4. Кеңес дәуірінде Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесіздер?
5. Кейінгі толқын, жас батырлардан кімді білесіздер? Олар қандай тарихи оқиғаға қатысты?
«Толқыннан толқын туады» деген айдармен осы аталған батырларға кезеңдеріне қарай жеке -жеке тоқталып кетейік.
Ауыз әдебиеті шығармаларының халыққа көп тарағаны –батырлар жыры. Ол ескі заманнан келе жатқан асыл мұрамыз. Бұл жырларды ақындар шығарса да жазу –сызу болмағандықтан авторлары ұмытылып қалып, халық игіліге айналған. Қай елдің батырлар жырын алсақ та, олардың негізінде тарихи оқиға жатады. Бірақ жырда оқиға болған күйінде суреттелмейді. Тек желісі ғана салынады. Ал ақын ол оқиғаны өз ұғымына, өз көзқарасына қарай бейімдеп жырлайды.
Жырда көбіне өз елін қорғау, елін басқаларға тәуелді етпеу тілегі қамтылады. Құрылысы жағынан батырлар жырының өзіне тән ерекшеліктері бар. Алдымен батыр ескі ұғым бойынша біреудің құдайдан сұрап алған жалғызы болады. Ол үш –төрт жасында алып күштің иесі болып, өзіне серік әйелі мен аты табылып, жасынан –ақ ел қамын, ел пайдасын ойлайды. Кейбір батырлар суға салса батпайды, отқа салса жанбайды. Бұндай әсірелеу арқылы суреттеу тек батырлар жырына тән қасиет.
Батырлар жырында баяндалатын батырлар бейнесі Ер Тарған, Қамбар батыр, Қобыланды, Алпамыстар халқын шын сүйген, елім деп еңіреп өткен ерлерді сомдайды. Бел омыртқасы сынып далаға тасталынған Ер Тарғын ханнан кетсе де, халқынан кетпей сын сағатта ұрысқа араласады, Назым қыздың ағаларына, «Әзімбайдың бес тентегіне», қанша өкпелі болса да Қамбар батыр «Әзімбайдың тентек ұлына ренжіп, жаманның ісін қылмайын» деп атқа қонады. Бұдан біз елін қорғау үшін мұз төсеніп, қар жастанған батыр ұлдардың жаны халқымен бірге екенін білеміз.
Қай дәуірде болсын жерін жаудан арашаламақ болған хас батырлар болған. Оны өздеріңіз кітаптан оқып, теледидардан көріп жүрсіздер. «Қыз Жібек» фильмі мен соңғы түсірілген «Жаужүрек мың бала» фильмін бәріңіз тамашаладыңыздар деп ойлаймын. Ендеше, Төлеген мен Бекежанды, Сартай мен Таймасты салыстырып көріңіздерші.
Батыр болу үшін қандай қасиеттер керек? Топтастыру:

Елін сүю адал


жүректі мейірімді


қамқор өзі үшін емес елі үшін қорқа білуі керек
Ерлік тек ер адамдарға лайық іс емес. Ел намысын қолдан бермеген батыр қыздарымыз қаншама. Солардың бірі -Гаухар батыр.
Ол кезде аштық-тоқтық бәрі малдан,
Мал болса, көшпелі елдің сәні болған.
Тал түсте қойға шапқан бір көкжалды
Өжет қыз үзеңгімен соғып алған.
Осы бір ауыз өлеңнен –ақ Гауһар қыздың батырлығын танимыз. Қалмақтың батырын жекпе- жекте өлтірген батыр қыз, құралайды көзінен атқан мерген де болған.
Гаухардың құдай қосқан жұбайы – Қабанбай батырдың ерлігін тарихтан да естіп жүрсіңдер. Қабанбай ұрысқа 103 рет кірген батыр. Осы Қабанбай мен Гауһардан туған Назым да батыр қыздардың бірі. Үлкен соғыстың бірінде дағдырып қалған елді «Қабанбайлап» ұрысқа бастаған жаужүрек дей келе Бөгенбай, Наурызбай, Шақшақ Жәнібек туралы қысқаша мағлұмат бере кету. Исатай мен Махамбет ерлігін тілге тиек етіп, Бауыржан мен Әлия-Мәншук ерлігін ойға оралту және 1986 жылы желтоқсан алаңына шыққан жас батырлар ерлігін еске түсіру.
Білгіштер сайысы: Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтарды оқушыларға таратып беру. Жауаптарын күту.
1. Қазақ батырлары немен шұғылданған?
2. Қазақ батырларының қандай міндеттері болған?
3. Қабанбайды ел қалай атаған?
4«Қанжығалы қарт » деп кімді атаған?
5. Бөгенбай батыр қандай адам болған?
6. Шақшақ Жәнібек туралы не айтасыз
7. Қазақ батырларының бар өмірі қайда өткен?
Топпен жұмыс:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас...
...Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -
Ерлерді ұмытса да, ел де ұмытпас
1. Топ тапсырмасы:
“Өмір сүру формасы,өмір үшін күрес ” деген ұғымның мәні неде?
2. Топ тапсырмасы:
Үлкен ұлт болып ұйып, халық болып қалыптасуды көздеген небір ділмар шешендер мен көреген көсемдер ,ел қамы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, астынан ат, қолынан найза түспеген.олар ұлттық ерлік мектебінің негізін қалаушылар... (ойды жалғастыру)
3. Топ тапсырмасы:
«Қырмызыдай құлпырған ару да, мейірім шуағын төккен ана да, ел шетіне жау тисе ...» батыр қыздар бейнесін жасау
Қорытынды: «Батырлар мінбесі»
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Батырлар жырын оқу. Халық ауыз әдебиетін зерттеушілер мен жинақтаушылар туралы қосымша ақпарат біліп келу.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары, баяндама Батырлар жыры казакша баяндама на казахском, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, Батырлар жыры, ашық сабақтар қазақша, ашық сабақ Батырлар жыры, ашық сабақ Батырлар жыры на казахском, ашық сабақ Батыр, батырлар жыры сабақ жоспары, батырлар жыры туралы сабақ жоспары, баяндама Батырлар жыры казакша баяндама на казахском, Батырлар жыры, ашық сабақтар қазақша, ашық сабақ Батырлар жыры, ашық сабақ Батыр, батырлар жыры сабақ жоспары, батырлар жыры туралы сабақ жоспары, Сабақ жоспары: Батырлар жыры