Сабақ жоспары: 1 қыркүйек - Білім күні » ZHARAR © 2018 | Білім күні ашық сабақ жоспары, білім күніне арналған сабақ жоспары, билим куни сабак жоспары, билим куни сабак жоспары ашык сабак, билим куни ашык сабак жоспары, 1 кыркуйек билим куни сабак жоспары, 1 қыркүйек білім күні сабақ жоспары, Білім күніне ашық сабақ сценарийі, Білім күніне ашық сабақ

Сабақ жоспары: 1 қыркүйек - Білім күні

Сабақ жоспары: 1 қыркүйек - Білім күні казакша Сабақ жоспары: 1 қыркүйек - Білім күні на казахском языке


Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек –Білім күні

Сабақтың мақсаты: мектеп – оқушылардың оқу-білім,өнер ордасы екені туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері :
Оқушыларға білім күнінің шығу тарихы туралы мағұлмат беру. Музыканы түсінуін,ұстаз еңбегін бағалай білуін, сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту. Оқу-білімге құштарлығын, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ой шақыру.
Оқушыларға «білім күніне» арналған суреттер көрсетіледі. Содан сұрақ-жауап арқылы сабақты бастаймыз.
- қандай суреттерді тамашладық?
- Не туралы суретер?
- Қандай мереке туралы?
- Ол туралы өз ойыңды айт.
- Білім күні сен үшін несімен ерекше?
Сұрақтар арқылы оқушылардың ойларын, пкірлерін, көзқарастарын тыңдап, әрі қарай жаңа сабаққа көшеміз.
Оқулықпен жұмыс.
4 -сынып оқулығымен, ондағы шартты белгілермен, осы сыныпта берілетін білім мазмұнымен таныстыру. Оқулықтағы мәтінмен танысу, оны талдау,оқушының пікірін,ойын, көзқарасын тыңдау.
1 қыркүйек- оқушылар үшін ерекше күн. Себебі бұл- Білім күні. Еліміз Білім күнін ыстық ықыласпен атап өтеді. Әр ұстаз, әр оқушы бұл мерекелі күнді ерекше үмітпен, есейген көңіл-күймен қарсы алады.
Аталға күннің шығу тарихы да бар. 4-ғасырда, яғни 325 жылы атақта Рим императоры костантин әлемді таң қалдырған алып шіркеу тұрғызып, 1 қыркүйек күні Жаңа жыл мерекесін тойлау туралы шешім шығарады. Алайда бұл шашім бірден жүзеге аса қойған жоқ. ресейде және де басқа да мемлекеттерде Жаңа жыл наурыз-сәуір айларында атап өтіліп жүрді. Арада жүздеген жылдар өткен соң, 1492 жылы Ресей князі ІІІ Иванның бұйрығымен Жаңа жылды тойлау дәстүрі 1 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл кезде мектептер шіркеу ішінде орналасатын еді. Сондықтан оқу жылы жаңа жылда басталатын болып белгіленеді. Кейін 1699 жылы еуропалықтардан ерекшеленбес үшін Жаңа жылды тойлау 1 қаңтарға ауыстырлыды. Бір жағынан климаттың да әсері болуы мүмкін. Өйткені оқушыларға күздің суығынан көроі жаздың жайма-шуақ күндерінде демалған әлдеқайда ыңғайлы еді.
Сонымен , бағзы заманда күнтізбенің алғышқы күні 1 қыркүйектен басталғандықтан, оқушылар осы күні мектепке баратын болаған. Ал 1984 жылдан бастап Білім күні күнтізбеде қызылмен белгіленетін болды.
Музыка тыңдау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін тыңдау. Еліміздің басты рәміздерінің бірі – Мемлекеттік Гимн. Оны қазақстандық әр азамат жатқа білуге міндетті. ҚРМГимнінің авторлары: Ш. Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.

Мақал-мәтілдерді оқып, талдау.
Отан –қуат Отансыз адам-
Отбасы - шуақ Ормансыз бұлбұл
Егемен елдің еңсесі биік

Сабақты қорытындылау.
- Біліммен қарулану, білімді болу адамзатқа пайдасын қалай тигізеді?
Өз ойыңды дәлелде.

Үйге тапсырма.
Шығармашылық тапсырма: «Алтын ұя – мектебім» тақырыбына шағын әңгіме жазу.




Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі ән-күй саңлақтары.

Сабақтың мақсаты: қазақ даласында ғасырлар бойы жинақталып, сақталған халық ән-күйлері мен халық композиторларының ән- күйлерін осы заманға жеткізген халық арасынан шыққан дарынды өнер саңлақтары туралы білімін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:
Халық музыкасын жеткізушілер – халық арасынан шыққан дарын иелері: әнші, күйші, жыршылар екенін ұғындыру.
Халық музыкасын түсінге отырып, әуенінің ерекшелігін таба білуге, талдай білуге баулу. Халық музыкасына, халық өнерпаздарына, дәстүрлі музыкаға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

Ой шақыру.
Сабақты 3- сыныпта танысқан кез келген сал-серінің әндерін тыңдаудан бастаймыз. Осы тыңдалға шығарма төңірегінде сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдау.
І тоқсанда біз осындай халық арасынан шыққан композиторлармен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінмен танысып, оқушылардың пікірін тыңдап, әңгімелету.
Қазақ халқының ән дәстүріне таң қалған танымал орыс ғалымы Г.Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп жазған. Осындай асыл қазынаны бізге жеткізуші халық арасынан шыққан дарындылар аз болмаған.олар халықтың ,асырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі ән-күйлерін, халық композиторларының шығармаларын кейінгі ұрпаққа еш бұрмалаусыз, сол қалпында жеткізді.
М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Жантілеуов, Ж.Елебеков, Д.Мықтыбаев, Ж.Қаламбаев, Т.Момбеков сияқты халық өнерпаздары, шын талант иелері, дәстүрлі ән-күйдің хас шеберлері рухани бай музыкалық мұраны жеткізумен қатар, оларды өз жанынан ерекше түсіндіре де білді. Дәстүрлі ән-күйлердің музыканың алтын қорына айналып, болашақ ұрпақтың есінде мәңгі сақталуы жоланды аянбай еңбек етті. Бұл өнер саңлақтары халықтың сүйіктісіне айналды.

Музыкалық сауаттылығы.
Сал –сері-бойына өнердің барылқ түрі дарыған халық өнерпазы.
Халық композиторы- арнайы музыкалық білімі болмаса да, өз жанына музыка шығаратын дарынды тұлға.
Кәсіби композитор- арнай музыкалық білім алған, өз жанынан музыка шығаратын дарын иесі.

Сабақты қорытындылау.

Үй тапсырмасы.
Бір халық әнінің немесе халық күйінің шығу тарихы туралы жазып келу.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары, Білім күні ашық сабақ жоспары, білім күніне арналған сабақ жоспары, билим куни сабак жоспары, билим куни сабак жоспары ашык сабак, билим куни ашык сабак жоспары, 1 кыркуйек билим куни сабак жоспары, 1 қыркүйек білім күні сабақ жоспары, Білім күніне ашық сабақ сценарийі, Білім күніне ашық сабақ, Білім күні ашық сабақ жоспары, білім күніне арналған сабақ жоспары, билим куни сабак жоспары, билим куни сабак жоспары ашык сабак, билим куни ашык сабак жоспары, 1 кыркуйек билим куни сабак жоспары, 1 қыркүйек білім күні сабақ жоспары, Білім күніне ашық с, Сабақ жоспары: 1 қыркүйек - Білім күні