Ұлы бір күндік төңкеріс (ҰБТ) батырларына » ZHARAR © 2017 | ұбт туралы мәліметтер, ұбт туралы мәлімет, ұбт туралы баяндамалар, ұбт туралы баяндама, ұбт туралы пікірлер жатыр, дейін, Қырғын, арасынан, емеспіз, сұрапыл, Төңкеріс, деуінде, сүрінген, батырлары, еңбегін, білім, өкпелеме, болса, Қуантып, айнаға, алаңынан, кісілер, ұстаздар, сынақ




  • »

Ұлы бір күндік төңкеріс (ҰБТ) батырларына

Ұлы бір күндік төңкеріс (ҰБТ) батырларына казакша Ұлы бір күндік төңкеріс (ҰБТ) батырларына на казахском языке

●•●• Қуантып, кейбірін жылататұғын сол бір күндердің алғашқы легі басталып та кетті. Нені меңзеп тұрғаным - еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бесенеден белгілі болар.. Тұрсынбек ағамыздың сөзімен айтсақ : "Ұлы бір күндік төңкеріс". Төңкеріс деуінде де мән жатыр-ау. Біз де сол сұрапыл кезеңнің батырлары емеспіз бе?! Қырғын арасынан ерекше көзге түсіп өз медалімізді де төстеп едік.. Хош делік..

●•●• Ал,бүгінгі сынақ алаңынан бағын сынап өткен майдангерлердің өзіндік нұсқасы мен қайталанбас тарихы бар. Бірі мұңын шертіп , бірі "алақайлап".. Жарқын болашақ жолына түсу амалдарының бірі дейміз, талапкерлерді де түсінуге келетін секілді. Мүмкіндік келгенше, әдіснаманы жеңілдетуде тұрған дәнеңе жоқ. Дегенмен, кейбір құрдастарымның оғаш әрекеттері ұстаздар еңбегін көк тиынға шығаратыны тағы бар. Нендей дейсіз ғой? Тест сұрақтарынан жаңылып, сынақ талабынан сүрінген замандастарымыздың "айнаға өкпелеп" білім нәрімен сусындатқан оқытушы өресіне сын тағуы. Бұл да бір мәселе. Төмен нәтиже еншілеуіндегі басты себеп - мұғалімнен алған бұрыс білім деседі-мыс. Мейлі, әрқайсысының өз себептері бар шығар. Бірақ, жанын салып, бала оқытуда аянбай тер төгіп жүрген сан мың ұстаздар еңбегін обал қыла көрмеңіздер. Ол кісілер - тек мадақтауға лайықты!

●•●• Бір байқағаным, осы күнге дейін "Алтын белгі" иегерлері атанып немесе "грант" қолтықтаған бауырларымыздың тестке байланысты сыни көзқарас білдіріп, айып таққандарын естімеппін. "Ешегі судан өткендер" дейді қазақ оларды. Мұғалімдер қауымын осы кісілер ардақтаса қайда жатыр?! Олай болса, ұлттық біріңғай тестілеу орталығына, мұғалімдерге, шенді кісілерге өкпелі - тек сүрінген айбындыларымыздың болып тұрғаны ғой?!Ендеше, "диагноз" - бәріне аян. Осындайда "Жығылған - күреске тоймас", "Бетің қисық болса - айнаға өкпелеме, арың таза болмаса - ағайынға өкпелеме" делінген сонау заман данышпандарының сөзі еріксіз еске түседі. Солай емес пе?! Қателесіп жатсам, оны айтыңыздар. Кейбір қандастарымның титығына тисем - айып болмасын. Жеке таразылап көрген бір үзім ойым ғой.

●•●• Ал, алдағы уақытта ҰБТ алаңынан өтетін іні-қарындастарыма тек сәттілік тілеймін! Қазақстан болашағы - мына сіз бен біздің қолымызда! Сабырлы болыңыздар!

© Сағым Матқали


Санат: KZ портал » ҰБТ (ЕНТ) | | 3 893
Рейтинг:
(голосов: 4)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .