DataLife Engine / Немересі атасына

Немересі атасына

Немерем дейсің елжіреп,
«Суйейін сені» келші деп.
Айтушы еді үлкендер
Атаның сөзі емші деп.
Батаңды алып мен жүрсем,
Бағыма менің сен күлсең.
Ауырма,Ата,қартайма,
100-жасқа қарай жең түрсең.
Немересін артық көрген баладан,
Үйренейік Ата сынды данадан.
Олар білген жайлар бізге тым керек,
Оқыған ғой оның бәрін даладан.
Олар бізге сыйға берген бақ-шыны,
Тілейікші әлемдегі жақсыны.
Қариялар аман болсын әрқашан,
Ортаймасын айтар бізге қап сыры.
Айырып жақсылықты жамандықтан,
Қайырған жауыздықты адалдықтан.
Ақылдың кеніші,Ата,еш ауырма,
Жанды ұққан,бір қараумен жанарды ұққан.
Шаңырақтың түндігін еш түсірмей,
Уықтарын қадаған тік мүсіндей.
Отбасының керегесін кең етіп,
Жүрсің,Ата, мәртебеңді түсірмей.
Бақытты бол апамменен,жан Ата,
Қуаныштың санын әр күн саната.
Қартаймаңдар 100-ге жетіп ғұмырлар,
Жүріңдерші ақыл нұрын тарата.
01.03.2016
Вернуться назад