DataLife Engine / Бесік жыры

Бесік жыры

Әлди, әлди, бөпешім,
Қуанышым екенсің.
Азамат боп ардақты,
Ертең өсіп кетерсің.
Асулардан өтерсің,
Төбеңе елің көтерсін.
Биік ұста басыңды,
Сонда арманға жетерсің.

Әлди, әлди, жан балам,
Талмасын қанат самғаған.
Береке-бақыт әкелсін,
Әр жолың сенің таңдаған.
Қыран құс бол талмаған,
Ерліктің қамын қамдаған.
Еңбегіңді мақтасын,
Ғасырлар айтып сары далаң.

Әлди, әлди, бөбегім,
Бесікке салып бөледім.
Өзіңе арнап өмірді,
Мейірім нұрын төгемін.
Әдемі сөздер теремін,
Ертеңгі сая-терегім.
Ақылың асқан дана бол,
Үмітті жалғап сенемін.
14.09.2015
Вернуться назад