DataLife Engine / Кішкентай сәби қыз балаға және ұл балаға туған күнге арналған тілектер 1,2,3,4,5 жасқа толған

Кішкентай сәби қыз балаға және ұл балаға туған күнге арналған тілектер 1,2,3,4,5 жасқа толған

Кішкентай қызыма 1 жасқа немесе 2 жасқа толуымен құттықтау

Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман – есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.

«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.

Құтты болсын туған күн,
Кіндігіңді кесіп ап,
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен
Алғаш рет жуған күн.
Орап алып жөргекке,
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн.
Әкең келіп төбеңнен
Тебірене төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың
Көрімдігін берген күн.
«Кімге тартты екен?» деп
Бетіңді ашып берген күн.
Туған күнің жыл сайын
Жүз жыл бойы тойлансын.
Өсіп үрім-бұтағың,
Арманыңа жете бер,
Өмір шексіз көк теңіз,
Тоқтамастан кеше бер.


Қажетті сілтемелер:


Наржан 3 жасқа толғанда

(Мәжиттен туған Нартай немереме арнаймын)

Үш атанды аман көріп,
Толдың үшке, Нартай жаным,
Бүгін саған бата беріп,
Ұмытты атаң қартайғанын.
Үмітпенен сені тосып,
Топтап жасап тоқсан жылды,
Үш буынның басын қосып,
Қуанды атаң көңілі тынды.
Жай қолыңды, айтсын атаң
Жүз жыл жиған ықыласын.
Бейнеті емес көрген қатаң,
Бақыты мен берсін жасын.
Әкесінің атын саған,
Ұялтпас деп тұр тапсырып,
Ақыл, қайрат аршындаған,
Болсын саған бар жақсылық.

Сапарғали Бегалин

Кішкентай қызымыздың 1 жасқа толуы құтты болсын


Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз.

Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.

Кішкентай қызымыздың 4 жас туған күні құтты болсын

«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата - әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.

Қасқырдың қайратын,
арыстанның айбатын,
жылқының сақтығын,
бүркіттің қырағылығын тілеймін.

Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін.




Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз.

Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.

Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!

Ұл балама 1,2 3,4,5 жас туған күніне арналған құттықтау сөздер

Бақыт сарайының бас құрылысшысы бол деген тілекпен
құттықтау қарлығашын жолдаймын.
Ал егер ұл болса:
Туғанда қуантқан ұлым мынау,
Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,
Әкеңде арман бар ма, көрсе егер
Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!
Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,
Келешекте бір маманның иесі бол.
Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,
Дүниеден алатын сыбағаң мол.

Тілерім енді менің жалғызыма,
Сәлем бермей өсірген хан қызына.
Немеремді иіскеп кетсем, шіркін,
Арманым жоқ дүние базарында.

Әке-шешесінің бал-шекердей тәтті қызының дені сау, жасы ұзақ болсын. Ата-анасының, нағашы ата-әжесінің қуаныш-қызығы болып жүре берсін.
Жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты бол,
Мұратыңа жете бер.

Өмірдің жазынан, күзінен,
Әр батқан кеш сайын, таң сайын,
Шұғыла нұр шашар жүзінен,
Болшы сен ел сыйлар ханшайым.
Бұйырған маңдайдың бағына,
Бір сенде - құт пенен дәулет те.
Ақ сәуле төгетін жаныма,
Жұлдыз боп тудың сен әулетке.


Қарап көріңіз:

01.05.2019
Вернуться назад