DataLife Engine / Студенттер күні, студенттерге құттықтаулар мен тілектер

Студенттер күні, студенттерге құттықтаулар мен тілектер

Бұл кезде шат көңілді бұзық бәрі
Осы сәтте жатыр қызық сызықтары.
Бір бақыты өмірдің сыйға берген
Таусылмасын студенттің қызықтары.
Куратор сенің досын болсын,
Сессияда басың болсын.
Группаның алды болып
Жатақхана қосың болсын!

Атсын алдан таң күліп,
Өмір болсын мәңгілік.
Студенттік жылдарың
Қалсын есте жаңғырып.

5-тік болсын алғаның,
Орындалсын арманың.
Сессияда қиналмай
Қанатты қағып самғағын.

Бүгін мейрам, досым, қайда барамыз
Студенттік өмір сүріп жанамыз.
Қалтамыз аш болса дағы, көңіл тоқ
Армандардан алтын асқар саламыз.

Тойлайық , достар, мейрамды,
Студент күнін шат қылып.
Жастар жарқын жиналды,
Өткізер өмір тәтті қып.

Қандай, әсем, студенттік көркем жыл,
Жаңа нұрдан нәр алатын өркен жыл.
Ата-анадан жырақ қалып бір өзің
Өмір- теңіз кемелерге желкен тұр.

Оқудан соң лектор бол,
Жақсыны жиған сектор бол!
Жол ашылып қиналмай
Осы оқуға ректор бол!

Лекцияда ұйықтайтын,
Семинарда бұқпай күн.
Өткізетін студент
Сабақтан түк ұқпайтын.
Өмірің болсын көркем жол,
Желегін жайған өркен бол.
Халқыңа болсын берерің,
Кемені бастар желкен бол!

Келіппіз арман қуып сән қалаға,
Жимаққа білім құйып ой- санаға.
Тойлайық мерекені мейрамдатып
Шырқалсын шаттық әні бар далада.

 
28.06.2015
Вернуться назад