DataLife Engine / Қарындасыма туған күнге арналған құттықтау тілектер

Қарындасыма туған күнге арналған құттықтау тілектер

Құрметті оқырмандар! Қарындасқа, қарындасыма арналған туған күніңмен құттықтау тілектер, өлеңдер жарияланды!


қарындасыма тілек қарындасқа құттықтау сурет фото


 Айналайын, ақ маңдай қарындасым,
Алға сүйрер арманың сарқылмасын.
Қайырылмасын қанатың топшысынан,
Ешқашан да заманың тарылмасын.

Толықсыған қарындас жадымдасың,
Жадымдасың, ендеше жанымдасың.
Бұйыртса әлі талай жүздесерміз,
Әзірге сәлемдесу арылмасын.

Айдынды шалқар көлдің аққу сәні,
Аруларға жарасар гәкку әні.
Қарындас туған күнің құтты болсын
Құттықтау, есте қалу – өмір мәні.



туған күніңмен, қарындасыма тілек, қарындасқа тілек



 Қарындасқа уәдені бергенмін
Уәдемді міндетіме теңгердім
Екі сөзді емес едім сондықтан
Уәдені орындауға келгенмін
Құтты болсын туылған күн ботақан
Өзіңсің ғой бұл ағаңа қошақан
Ешқашанда ұмытпайды ағаңыз
Дәл өзіңдей қарындасты момақан
Бақытты бол күнім менің аппағым
Алтын болсын құлағыңа таққаның
Бар әлемді шарласамда қалқамау
Дәл өзіңдей қарындасты таппадым.
Автор: Бауыржан Полуванов


Пайдалы сілтемелер:


Құтты болсын туылған күн ботақан
Өзіңсің ғой бұл ағаңа қошақан
Ешқашанда ұмытпайды ағаңыз
Дәл өзіңдей қарындасты момақан
Бақытты бол күнім менің аппағым
Алтын болсын құлағыңа таққаның
Бар әлемді шарласамда қалқамау
Дәл өзіңдей қарындасты таппадым
Айналайын ақмаңдай қарындасым
Бұл өмірде қашанда бағың жансын
Бұйыртып Жаратқаным жақсы жігіт
Бақыттың дәмін татқай қарлығашым.
Автор: Бауыржан Полуванов


33 жас қарындасыма туған күніңмен құттықтау

Қарындасым,
Гүл өмірің бақыттан жалындасын.
Отыз үш жас есіктен еніп отыр,
Қуана бер бақ әкеліп жаңа жасың.

Бақ тілеймін,
Бақыты көп қарындасым сәт тілеймін,
Көңіліңді шалмасын уайым-қайғы,
Шаттана бер жарығым деп тілеймін.

Күліп-ойна,
Жадырап сен құлпырып жаздай жайна.
Жастан жасқа жете бер қарындасым,
Амандықта, саулықта айдан айға.


Əбдіжаппар Əлқожа - Қарындасыма тілек  


Айдар Тұрғанбек - Қарындасқа тілек


32 жас қарындасыма туған күнге тілек

Гүл көктемнің шуағындай нұр беретін,
Барлық жанды баурап демде үлгеретін.
Қарындасым айналаны гүлді етіп,
Әр жыл сайын құлпырып түрленетін.

Құтты болсын жаңа жасың қарындасым,
Болсын деймін қашанда бағың басым.
Отыз екі жасың саған бақыт сыйлап,
Қосыла берсін амандықта жасқа жасың.

Шаттығына бөлесін бал өмірің,
Сыйлап саған қарындасым өмір гүлін.
Алла өзі жар болсын, қолдап әркез,
Солмасын еш қарындасым көңіл гүлің.

01.05.2019
Вернуться назад