DataLife Engine / Кұдаға, құдағиға арналған туған күнге тілектер

Кұдаға, құдағиға арналған туған күнге тілектер

Құдаларға арналған құттықтаулар мен тілектер жинағы

Құйрық-май жеп құда болдық сіздерге,
Жекжат болып келіп тұрсың біздерге.
Сый-сияпат, құрметтерді аямай
Көрсетеміз қуанышты тізгенге.
Екі бала арқасында қосылдық,
Тарту тартып танытамыз дос қылық.
1000 жылдықта ағайын боп ақ адал,
Көтерейік тілектерді тост қылып.



Құдағи туған күнің құт болсын,
Сабаң толы қымыз, шұбат, сүт болсын.
Денсаулығың 100-ге дейін сыр бермей,
Сандығыңа жібек, мақпал, шыт толсын!



Құдағай деп бастайын тілек басын,
Мерейіңнің жалауы еш жығылмасын.
Отбасыңда қуаныш оты сөнбей,
Ортаймасын несібең, толып асың.



Құдам менің салмақты жаннан асқан,
Тоқсан ауыз сөз түйінін бір-ақ басқан.
Жасыңыз 100-ге жетсін кедергісіз,
Дәулетіңіз сай болсын асып-тасқан.



Төс қағысып құда-жекжат атандық,
Екі жасқа қариядан бата алдық.
100 жылдық пен 1000 жылдықтар жалғасып,
Бауыр жесіп, орнатайық қатар нық.
Екі жасқа бақытты өмір тілейік,
Тірек болып, көмек болып жүрейік.
Асыл арман орындалып ойлаған,
Немеренің тойын тойлап күлейік.


Көңілдерді көтерейік, құдалар,
Жас шаңырақ бақытына ортақ боп.
Екі жасты жетелейік, құдалар,
Қадамдарға тағылар көз моншақ боп.
Той өтуде думан бола дүрілдеп,
«Аумин дейік әр тілекке күбірлеп.
Біріктірсек тілек, ниет, мақсатты,
Бәйтеректі ұстап тұрар түбір боп.


Тойға тілек

Құдағи-құда тойларың,
Ойласқан бірге ойларың,
Құтты болсын тілеймін.
40 жыл жұп боп талмадың,
Бақыттың татып бал дәмін,
Соқпасын басқа дүлей күн!
Қызығын көріп ұл-қыздың,
Немеренің-жұлдыздың,
Кылығын көріп күліңдер!
Байқамай желін мұң-сыздың,
Ерітіп тасын мұң-тұздың
100 жасқа жетіп жүріңдер!



Құтты болсын жасыңыз,
Бақытқа толсын басыңыз.
Жарыңызбен,баламен
100 жастан әрі асыңыз.



Ұшырдың ұл-қызыңды ұясынан,
Қиялыңды қанат етіп қиясынан.
Еңбегіңнің зейнетін көрудесің,
Ортаймасын отаның, қыр асып ән.



Тілегіміз, жүрегіміз бірге енді,
Ұл-қыз қостық тәрбиелеп көргенді.
Аманшылық, тыныштықпен бас қоссын,
Қолдамайық өсек-аяң тергенді.
АЛЛА әркез қолдайды екен бергенді,
Бар істі де ақылмеенен жеңгенді.
Сіздердей құдалар бар біз бақытты,
Отауымыз ортақтасып, тереземіз тең келді.



50 жылдық отауларың шатты болсын,
Көрер өмір ендігі тәтті болсын.
Ұл-қызыңның қызығын ьірге көріп,
Жастарың жарасып бір 100-ге толсын!



Құдалар деп бәйек болам сіздерге,
Тілектер көп жақсы ниет тізгенге.
Жастарыңыз құтты болсын, тойлайық,
Бірлік тілеп сіздер менен біздерге.



Немеренің қызығына тоймаңдар,
Әрқашанда шаттық тойын тойлаңдар.
Туған күннен туған күнге жетімен,
Шөберемен жасырынбақ ойнаңдар!
Отбасыңның ортасында шуласып,
Отырыңдар ұл-қызыңмен сырласып.
Дендерің сау бақытты өмір сүріңдер,
Әсем өмір әнін бірге жырласып.



Бірге келдік тойларыңа қуанып,
Тілектердің жақсысынан жыр алып.
Дастарханың қуанышқа жайылсын,
Күндерің тек тұрсын гүлден құралып. 



Қарап көріңіз:

09.10.2016
Вернуться назад