DataLife Engine / Туған күн (Бастық)

Туған күн (Бастық)

Туған күніңіз құтты болсын!

Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Астананың ірі кәсіпорын басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған кәсіпорын ұжымы Сізді үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азамат, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады.

Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Күн санап көркейіп, ғаламдық өркениетке құлаш ұрған Елордамыз – Астананың қазіргі заманғы талабына кәсіптік деңгейіңіз де, мамандық шеберлігіңіз де сай болғандықтан, ірі мекемені абыроймен басқарып келесіз. Тынымсыз еңбек етіп, нақты істер атқарып жүрген өзіңіздей білікті мамандарымыздың қатары көбейе берсін дей отырып, осы айтулы сәтте Сізге ақ көңілден ақтарылған ізгі ниетімізді жолдаймыз. Таусылмас төзім мен сарқылмас сезімді серік етіп, мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыз ортасында баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.
01.05.2019
Вернуться назад