DataLife Engine / Қызға тілек: туған күнін құтты болсын!

Қызға тілек: туған күнін құтты болсын!

Көргенің рахат болсын,
Жүрген жерің рабат болсын.
Екі тойың қабат болсын,
Достарың берекелі болсын,
Әр күнің мерекелі болсын.
Шәйің қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпандарың қаша берсін (Шәмшінің тілегі)


Қазақстанда Алматы деген әсем қала бар, сол қаладай әсем, әдемі бол. Сол Алматының төресінде Алатау деген тау бар, таудың биік шыңында аппақ қар бар, сол ақ қардай көңілің ақ, пәк болсын. Таудан төмен түссең орман бар, сол ормандай достарың көп болсын. Сол орманының ішінде сарқырап аққан өзен бар, сол өзендей махаббатың мөлдім, таза болсын. Сол орманнан кішкене төмен түссең бір ұзын, түзу жол бар, сол ұзын жолдай ғұмырың ұзақ әрі түзу болсын! Туылған күніңмен!


Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен жан құрбым.
Саған, байлық тілер едім, бірақ ол бір әнгүдік,
Есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,
Саған жолдас болалмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,
Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.
Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.
Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннін бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!


Қарап көріңіз:

29.09.2018
Вернуться назад