Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 23 маусым – Қазақстан полициясы күні

Қазақша - орысша құттықтау - тілек: 23 маусым – Қазақстан полициясы күні

Еліміздің барлық полиция қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға зор денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ өмір тілейміз!

Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, ішкі істер органдарының қызметкерлері. Сіздерді «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» мерекесімен құттықтаймыз. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарыңыздың қатары көбейе берсін.

Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілейміз. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспіз.

Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!


Ішкі істер органдары - мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Сақшылардың кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз.

Заң бекітілген күн, яғни 23 маусым жылда Қазақстан полициясы күні ретінде аталып өтіледі. Ризашылық пен құрметтің нышаны ретінде ҚР Ішкі Істер Департаменті ұжымдарын Қазақстан Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарыңыздың қатары көбейе берсін.

Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспін.

Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!

Жамбыл облыстық сотының төрағасы: М.Ж.Бектұрғанов


Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Бүгін біз сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – қазақстандық полиция күнін атап өтудеміз.


Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктеледі.
Сіздер күнделікті қызметтеріңізде адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге атсалысасыздар. Халық көп жағдайда биліктің демократиялылығы мен пәрменділігін сіздердің іс-әрекеттеріңізге қарап бағалайды.
Қазақстандық полиция өзінің құрылған күнінен бастап ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып келеді.
Осынау ортақ іске Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің ұжымы да елеулі үлес қосуда. Оларды әрқашан жоғары кәсіби шеберлік пен өз ісіне деген адалдық ерекшелеп тұрады.
Біз сіздердің кәсіптеріңіздің қаншалықты қиын, тіпті кей жағдайларда аса қауіпті де екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да мемлекет те, жергілікті билік органдары да сіздердің еңбектеріңізге қолайлы орта туғызу үшін, материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап келеді. Бұл мақсатқа жыл сайын қомақты қаржы бөлініп келеді. Сондықтан сіздердің тараптарыңыздан да тиісті еңбек пен лайықты жауапты күтуге құқығымыз бар. Сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесі де, қоғамдағы абырой-беделдеріңіз де осыған байланысты болмақ.
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, мінсіз қызметтеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге және барлық туған-туысқандарыңызға мықты денсаулық, ырыс пен береке және еңбекте толағай табыс тілейміз.

Қарағанды облысының әкімі
С.Ахметов
Облыстық мәслихат хатшысы
Б.Жұмабеков


Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - полиция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы 21 жыл бойы қазақстан полициясы еліміздің қоғамдық қауіпсіздігінің, тиісті тәртіптілігін қамтамасыз ету мен қолдаудың, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғаудың, қылмыскерлікке қатаң талап қоюмен қатар қабілеттілігі мықты мемлекеттік жүйе болып табылады.

Уважаемые работники и ветераны органов внутренних дел!

От всей души поздравляем вас с профессиональным праздником - Днем полиции.
На протяжении 21 года казахстанская полиция является мощной государственной системой, способной поставить жесткий заслон преступности, защищает конституционные права и свободы граждан, поддерживает и обеспечивает должный правопорядок и общественную безопасность.
Большинство сотрудников полиции верны присяге, достойно несут свою нелегкую службу и готовы в любую минуту, не щадя своей жизни, встать на защиту граждан и общества от преступных посягательств. Примеров героических поступков, которыми гордится казахстанская полиция, можно привести немало. Светлая память тем полицейским, кто в мирное время отдал свою жизнь ради спокойствия и безопасности казахстанцев, исполняя свой профессиональный и гражданский долг.
Но вместе с тем служба в органах внутренних дел с каждым годом требует все большей ответственности и отдачи, как не раз отмечал Глава государства Н.А. Назарбаев в своих выступлениях.
Для дальнейшей успешной борьбы с преступностью и модернизации правоохранительной системы в рядах внутренних дел должны находиться высококвалифицированные, морально устойчивые кадры, чтобы общество доверяло полиции, а полиция твердо и безупречно стояла на страже закона и правопорядка.
Бүгінгі кәсіби мереке қарсаңында ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне және олардың отбасыларына зор денсаулық, бақыт пен байлық, Отанымыз - Қазақстан Республикасын өркендету жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!
В канун празднования Дня полиции хотелось бы пожелать всему личному составу, ветеранам органов внутренних дел и членам их семей крепкого здоровья, семейного благополучия и дальнейших успехов на службе во благо нашей Родины - Республики Казахстан!

А. Аглиулин, аким города Шахтинска
А.Сатова, секретарь городского маслихата


Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді шын жүректен кәсіптік мерекелеріңіз - Полиция күнімен құттықтаймын!

Сіздердің жұмысыңыз үнемі жоғары кәсіптілікті және жеке қабілетіңізді талап ететін қауіп-қатермен байланысты.
Қызметтік борышыңызды атқару кезіндегі адалдығыңыз, қайсарлығыңыз, батылдығыңыз бен батырлығыңыз үшін алғыс білдіремін.
Сіздерге тәуекелге толы, қоғамымызға ең қажет қызметіңізге сәттілік тілеймін.
Отбасыларыңызға олардың сабырлығы мен төзімділігі үшін шынайы ризашылығымызды білдіремін.

Сіздерге денсаулық, береке мен бақыт тілеймін!

Игі тілекпен,
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова


Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Бүгін біз басқа да атаулы күндер мен мерекелердің ішінде ерекше орын алатын кәсіби мейрам – Қазақстандық полиция күнін атап өтудеміз.
Қазақстандық полиция Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға байланысты берген тапсырмаларын жемісті орындап келеді.
Осы жауапты міндетті шешуге Қарасу ауадының ІІБ і қызметкерлерінің ұжымы да елеулі қосып келеді. Оларды әр уақытта өз ісіне деген адалдық пен терең жауапкершілік ерешелендіреді.
Алдағы уақыта да Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындауда сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз, дәстүрлеріңіздің көмегімен биіктерден көрінеді деп сенеміз.
Шын жүректен ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мейрам – Қазақстандық полиция күнімен құттықтаймыз.
Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық және құт-береке тілейміз.
Құрметпен
Қарасу ауданының әкімі
Алмабек ШӘМШИЕВ


Уважаемые сотрудники полиции!

Служба в полиции — напряжённый, кропотливый и опасный труд, по-настоящему заниматься которым могут только люди, безгранично верящие в справедливость и нужность своей профессии. Вы стоите на переднем крае борьбы с преступностью, на страже конституционных прав граждан и юридических лиц.
Полномочия и функции полиции Казахстана обозначились еще в 1992 году Верховным Советом РК в принятом законе «Об органах внутренних дел Республики Казахстан». А в 2007 году Президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев сделал 23 июня официальным праздником – Днем полиции.
Это дата – благодарность всем тем, кто создавал казахстанскую полицию.
Примите мои поздравления с Днем казахстанской полиции, спасибо Вам за честную службу своему делу, за высокий профессионализм.
Аким Карасуского района
Алмабек ШӘМШИЕВ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі