Қазақша Құттықтау - тілек: Ораза айт (Рамазан айы)

Қазақша Құттықтау - тілек: Ораза айт (Рамазан айы) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Ораза айт (Рамазан айы) на казахском языке

Айт күні – аса салтанатты, қуанышты күн. Әр иманды адам осы қасиетті күнге ерекше дайындалып, оны мейрамдап өткізсе нұр үстіне нұр. Мен Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін.

Айт арабтың - “әлғид” деген сөзі – мейрам, мереке деген мағына береді. Осы айт күндерді ерекше қарсы алып айтшылайық, құрметті ағайындар. Наурыз мейрамы сияқты той-думанмен қызықтап өткізелік. Барлықтарыңызға осы қасиетті мейрамды өз үй-ішіңізбен құрметтеп өткізуге жазсын.

Бұрында әжелеріміз, ана-апаларымыз бар тәуір киімдерін, шашақты орамалдарын, әшекейлі мәсілерін сандықтан, шемоданнан шығарып, түрлене киініп, үстеріне әтір шашып (ер адамдар көп түрленбейтін) қыдырушы еді. Әңгіме-дүкенменен, әзіл-ойынменен ел аралап, бір-біріне барынша сый сыйлап, құттықтап, ағайын-туыстарды жақындататын. Болашақ өмірге Аллах-Тағаладан жақсылық тілейтін. Сол көріністер әлі көз алдымда. Жаныңмен, тәніңмен сағынатын тамаша уақыт. Осының бәрі қайтып оралады, балаларымыз ұлтымыздың мейрамдары мен салт-дәстүрлерін көріп біледі, кезінде біз сияқты естеріне түсіріп сағынады деген сенімдемін.

Әлі есімде, 60-шы жылдары жыл сайын бір-ақ рет Рамазан-шәріп, ораза айында Жарапазан келетін - әр жанұяға ізгі тілек айту, оразаны қолдау, қолпаштау ғой деп ойлаймын. Жарапазаншының қолында сылдырмақ таққан таяғы, таяғының басына таққан үкісі, аяғында былғары етігі, үстінде шапаны, басында ұлттық бөрігі болатын.

Жарапазан айта келдім есігіңе,
Қошқардай бір ұл берсін бесігіңе.
Мол дәулет, қайтпас ырызық бере берсін,
Шалқысын көлдәрия несібіңе.

Тәңірім қажымас қайрат берсін,
Ішсе де сарқылмайтын суат берсін.
Көңілің көпке деген шалқар болсын,
Талабың асқар таудай дарқан болсын.

Тәңірім құт береке бере берсін,
Мыңғырған мал өріске өре берсін.
Басыңнан бақ дәулетің еш кетпесін,
Дос сүйініп, дұшпаның басын исін.

Бақ қонсын, дастарқаның мол болсын,
Жолдасың қабағы ашық сайлы болсын.
Тасың өрге домалап әрқашанда,
Жанұяң бәрі ылайық жайлы болсын

Қадірлі мұсылман бауырлар, құрметті отандастар!
Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!

Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де таяп қалдық. Еліміздегі барша мұсылмандар күннің аптапты ыстығына қарамастан, тамыз айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткізді. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылды. Ми қайнатар ыстықты ауырсынбай ораза ұстауға төзе алған жан, өмірдің басқа да сынақтарына сабырлық таныта алатыны сөзсіз.

Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Баршаңызды Ислам үмбетінің ең қасиетті де ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам Қазақстан жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін!
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшіп келгенде, жергілікті халықтың мейрамдап, көңіл көтеріп жатқанын көріп: «Бұл қандай мереке?» деп сұрағанда: «Бұл біздің Исламға дейін тойлап келе жатқан мерекелеріміз», деген жауап естіді. Сонда Расулулла (с.ғ.с..): «Алла сіздерге бұдан да ұлық екі мейрам берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары», деп осы ислами мейрамдардың мәртебелі екендігін білдірген.
Ораза айты адамдарды бауырмалдылық пен кішіпейілділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке шақырады.
Ислам шариғатында пітір садақасының осы айт қарсаңында берілуі де жайдан-жай емес. Ораза айттың хадистерде «Ғидул-фитр», яғни «Пітір мейрамы» деп аталуы да сондықтан. Пітір садақалар жағдайы нашар, мүмкіндігі шектеулі отбасыларды қуанышқа бөлеп, айт мейрамында дастарқан жаюға жағдайы келмегендерге демеу болады. Сонымен қатар бұл күні мұсылмандар өлілерін де еске алып, Алладан оларға шапағат тілеп, дұға етеді.
Айт күнінің өзіне тән жарасымды да сауапты амалдары мол. Бұл күні ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу сүннет. Әр үйде сәні мен салтанаты ерекше мерекелік дастарқан жайылады. Мұсылмандар туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаңды аралап, бір-бірінің үйінен дәм-тұз татып, мәре-сәре болады.
Ренжісіп қалған кісілермен татуласу, қандай да бір келіспеушіліктің салдарынан қатынас үзілген туыстардың үйлерін арнайы аралау да ерекше маңызды. Өйткені Алла Тағала: «Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» («Ағраф» сүресі, 199-аят) деп мұсылмандарды барынша кешірімді бола түсуге шақырған.
Күндегі оразасын құрмамен ашуды сүннет еткен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт намазына барарда алдымен құрмадан дәм татып барып үйінен шыққанды ұнататын.
Дәл осы күні балаларды жаңа киім, тәттілер мен сыйлықпен қуантуды дағдыға айналдырсақ, ораза айтты олар да асыға күтетін болады.
Жалпы, Ораза айты қасиетті Рамазан айы аяқталғанының белгісі ғана емес, ол – бір айлық құлшылығымыздың қуанышы мен жемісі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Ораза тұтқан адам екі рет қуанады: бірі – ауызашарда, екіншісі – ақыретте ұстаған оразасының сауабын алғанда», – деген екен.
Беттер:




KZ » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы, ораза құтты болсын, ораза айт құтты болсын, ораза айт қабыл болсын, ораза айт қазақша, ораза айт бен құттықтау, ораза айы мен құттықтау, ораза айтқа құттықтау, ораза айт кабыл болсын пожелания, рамазан құтты болсын, рамазан құттықтау, рамазан айында құттықтау, рамазан айы құттықтау, рамазан айы мен құттықтау, рамазан айына тілектер, рамазан айына арналған тілектер, Қазақша Құттықтау - тілек: Рамазан айы, Қазақша Құттықтау - тілек, Рамазан айы ораза айт мерекесімен құттықтау, рамадан поздравления на казахском, поздравления с рамазаном на казахском языке, ораза айт поздравления на казахском языке, ораза қабыл болсын тилектер, ораза айт қабыл болсын тилектер, ораза айт қабыл болсын поздравления, ораза айт қабыл болсын тілектер, рамазан, ораза кабыл болсын тилектер, айт мерекесіне арналған тілектер, айт мерекесі құтты болсын, айт батасы, айт бата, айт туралы бата, бата айту, тілек айт бата беру, қазақша бата тілек ораза айт, айт кабыл болсын пожелания на казахском, айт қабыл болсын поздравления на казахском, айт кутты болсын поздравления на казахском, ораза айт мерекесі құтты болсын, ораза айт кабыл болсын пожелания, Қазақша Құттықтау - тілек: Рамазан айы, Қазақша Құттықтау - тілек, Рамазан айы ораза айт мерекесімен құттықтау, рамадан поздравления на казахском, поздравления с рамазаном на казахском языке, ораза айт поздравления на каз, Қазақша Құттықтау - тілек: Ораза айт (Рамазан айы), Қазақша Құттықтау - тілек: Ораза айт (Рамазан айы) казакша тилектер казакша тилектер туган күнге құттықтау сөздер туған күнге куттыктау тилек создер поздравления на казахском языке день рождения