Қазақша Құттықтау - тілек: Үйлену той (Жеңге) » ZHARAR © 2016 | үйлену той үйлену той Қазақша Құттықтау тілек үйлену той, Казакша Куттыктау тилек уйлену тилек, Қазақша Құттықтау тілек, Казакша Куттыктау тилек, Қазақша Құттықтау тілектер жинағы, Казакша Куттыктау тилектер жинагы




  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: Үйлену той (Жеңге)

Қазақша Құттықтау - тілек: Үйлену той (Жеңге) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: Үйлену той (Жеңге) на казахском языке

Келін көп бүгін,
Кемел боп көңіл тасуда,
Өрімдей жастар аттанды өмір-асуға.
Ананың күткен таңы да атты арайлап,
Ағайын-туған тілегін аппақ қосуда.

Құдалардың да
Қадамы құтты болса екен,
Заманың тыныш,
Еліңе ырыс толса екен.
Аға мен жеңгең жас шаңыраққа тілекші,
Бақ құсы келіп осынау үйге қонса екен.

Бақыттың құсын
Қолыңа, қалқам, қондырдың,
Шаттықтан шалқып шадыман болып мен жүрмін.
Біреудің ол да әлпешпен өскен баласы,
Балалығыңды байсалдыққа жеңдіргін.

Көркем ұл едің
Көріне білгін биіктен,
Өркенім едің,
Біріңді – бірің сүйіп пе ең?
Әкенің мейірін,
Ананың төсін иіткен!

Көтеріп қайным бүгін нардың жүгін,
өзінің тапқан екен жар-жұлдызын.
Гүл болып жайнай берсін әр көктемің,
Жеміске толы болсын әрбір күзің.

Шуағын,
Төге берсін,
Тәңір нұрын.
Жарыңа сен де сыйла жанның нұрын.
Үйіңе үбір-шүбір,
Ұл-қыз толып,
Басыңа бақ сыйласын қалыңдығың.


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 26 169
Рейтинг:
(голосов: 8)

.

. .