Қазақша құттықтау - тілек: Туған күн (жан құрбыма)

Қазақша құттықтау - тілек: Туған күн (жан құрбыма) казакша Қазақша құттықтау - тілек: Туған күн (жан құрбыма) на казахском языке


Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.
Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!

..... сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!

Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!

Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!

Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.

Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!

Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!

Туған күн құтты болсын!
Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші - адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші - тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші - қатарыңда кемелді бол.
Бесінші - берекелі, беделді бол.
Алтыншы - арыстандай айбатты бол,
Жетінші - жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.

Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!

Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!

Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң - төз
Жарыссаң - оз
Ойнасаң - ұт
Күрессең - жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!

Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң — төз
Жарыссаң — оз
Ойнасаң — ұт
Күрессең — жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күндеме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!

Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек, қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!!

Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу.
Көгершіннің мейірімділігін, Қарлығаштың қайырымдылығын,
Аққудың ақ махаббатын тілеймін.

Өткенге өкінбе, Болашақты болжама, осы шақты бағала.

Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.
Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.

Өзендей өмір, көлдей көңіл тілеймін.

Шаттыққа толы күндер,
Думанға толы кештер,
Ыстық құшаққа толы түндер тілеймін.

Арманың биік болсын,
Қиялың жүйрік болсын.

Қыстай қатты денсаулық,
көктемдей көңілді өмір,
жаздай ыстық махаббат,
күздей мол табыс тілеймін

Арманың алдамасын,
Өмірің өкіндірмесін.
Махаббатың мұңайтпасын.

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін
Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!
Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!
Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!




KZ » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы, туган кунге тилек курбыма, туган кунге тилек курбыма 16 17 18 жас, туган кунге тилек жан курбыма, туған күнге тілек жан құрбыма, туған күнге тілектер жан құрбыма, туған күнге құттықтау құрбыма, құттықтау сөздер туған күнге құрбыма, поздравление с днем рождения подруге на казахском, туган кунге тилек курбыма, туган кунге тилек курбыма 16 17 18 жас, туган кунге тилек жан курбыма, туған күнге тілек жан құрбыма, туған күнге тілектер жан құрбыма, туған күнге құттықтау құрбыма, құттықтау сөздер туған күнге құрбыма, поздравление с днем рож, Қазақша құттықтау - тілек: Туған күн (жан құрбыма) казакша тилектер казакша тилектер туган күнге құттықтау сөздер туған күнге куттыктау тилек создер поздравления на казахском языке день рождения