Қазақша тәрбие сағат: Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы

Қазақша тәрбие сағат: Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы казакша Қазақша тәрбие сағат: Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы на казахском языке


Ақтөбе қаласы, «Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернаты» КММ
Тәрбиеші: Кабиева Сандугаш Омировна

Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Барысы

Ұйымдастыру.

- Саламатсыздар ма, балалар?! Балалар 2 топқа бөлініп отырамыз. Бүгін топпен жұмыс жасаймыз.

Кіріспе. Мұғалім сөзі:

Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,
Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.
Көк байрағым көкте биік желбіреп,
Бірлікке бізді шақырып жатқандай!

Әнұран орындалады.

- Балалар біз қай елде тұрамыз?

- Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз, егеменді мемлекет)

- Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл? 25 жыл. Жарайсыңдар балалар! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.

- Бұл сөзді қалай түсінесіңдер? (Ешкімге тәуелді емес, дербес яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет)

1-оқушы: Шыңғыс

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату – тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

-1991 жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет кімді Республикамыздың президенті етіп сайлады? (Әрине Н.Ә.Назарбаевты.) Міне содан бері елімізді президентіміз Н. Назарбаев басқарып келеді. Және жыл сайын 1-желтоқсан – тұңғыш президент күні ретінде аталып өтіледі.

2 -оқушы: Наргиз

Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын Қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев -
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке -
Қазақстан Республикасының қалауы.
Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің, Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Нұрсұлтан Назарбаев!

-Тәуелсіз елдің өзіндік қасиетті нышандары қандай? (Ұлттық тілі, Ата заңы, туы, Әнұраны, елтаңбасы, төл теңгесі болуы керек)

- Балалар біз бүгін өздерің айтқандай төл теңгеміздің тарихы туралы әңгімелесеміз.

Теңге Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Ұлттық валюта мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігінің айғағы, нышаны болып табылады. Биыл 15-қараша ұлттық валютамыздың айналымға кіргеніне 23 жыл толды. Осы іс-шараға байланысты 6-сынып оқушыларымен дайындаған «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы» атты ашық тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер.

3 -оқушы: Аружан

Кең байтақ, көз жетпейтін – жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Ән: Қазағым – ай. Орындайтын Төребекқызы А, Қаратай Б.

II. Негізгі бөлім.

Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық шығарды. Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.

Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,-деді.

Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» фабрикасында басылып шықты. Теңгенің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалары дайындалған. Оларды төрт ИЛ-86 ұшақтары тасыды. Бір аптаның ішінде олар Лондонға 18 рет ұшып барып-қайтып келген. 1993 жылы қазан-қараша айларында Қазақстан рубль аймағынан толықтай шықты. Қарашаның 12-сіндегі Президент Жарлығынан 3 күннен кейін, яғни 15-қарашада теңге айналымға енді.

1993 жылы Алматыда құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарады.

Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

1992 жылы теңге дизайнындағы бейнелер бекітілді. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте – Абай, елу теңгелікте – Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған.

Ұлттық валюта – теңге банкноты және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета Өскемендегі монета сарайында дайындалынып шығарылады.

Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды, бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен алмасты.

2007 жылы теңге символы енгізілді.

2007 жылы Халықаралық валюта қауымдастығы 10 000 теңгені «Әлемдегі ең үздік банкнот» деп таныды.

Қазіргі таңда мынадай купюралардағы теңге, тиындар айналыста жүр: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000, 20000 теңге, тиыннан 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге.

4 -оқушы: Аяла

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.

1. Кім тез ұғып алады екен «Сиқырлы сандықша» ойынын ойнап көрейік. Әрбір топ өзінің қоржынына дұрыс жауап үшін берілген ақшаны жинайды. Кімнің ақшасы көп болса, сол топтың жеңгені. Және әр топ өздеріңе ат қоюды ұмытпаңдар.

1-тапсырма. Ақпараттық қағазды толтыру.

Ұлттық валюта атауы – теңге

Туған жері: Қазақстан

Туған айы, күні, жылы: 15.11.1993

Жасы: 23 жыл

Авторлар тобы: М.Әлин, Х.Ғабжәлелов, Т.Сүлейменов.

Алғашқы шығарылған орны: Англиядағы «Харрисон энд санс»

Номиналдары: 1,2,5,10,20,50,100,200,500,1000,2000,5000,10000,20000

2-тапсырма. Ұлы ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың суреттері салынған.Еске түсірейік.

1 теңгеде – Әл Фараби

3 теңгеде – Сүйінбай

5 теңгеде – Құрманғазы

10 теңгеде – Шоқан

20 теңгеде – Абай

50 теңгеде – Әбілхайыр хан

100 теңгеде – Абылай хан

3-тапсырма. Даталар сөйлейді.(тарих сабағында қолданылатын термин. Атаулы күндер немесе жылдар) 1990жыл, 1992 жыл, 1993 жыл 12 қараша, 1993 жыл 15 қараша, 1994 жыл, 1995 жыл 19 мамыр, 2007 жыл.

4-тапсырма. Ойтүйін. «Ұлттық теңге» сөзіне сипаттама.

Ұлттық теңге – егемендігіміздің айрықша белгісі, төл теңгеміз, ұлттық валютамыз, ұлттық ақша бірлігі, ұлттық мақтанышымыз, заңды төлем құралы, асыл қазынамыз, еліміздің даму көзі, ұлттық табыс кепілі, тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді, ұлттық құндылығымыз.

Яғни, ұлттық теңгемізді - ұлттық құндылық ретінде бағалап, егемендігіміздің айрықша белгісі ретінде – мақтаныш сезімімізді жүрегімізге ұялата білуіміз – бәріміз үшін парыз деп санаймын. (Топтық жұмыс қорытындыланады.)

2. Мақал – сөз мәйегі.

1. Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
5. Ақшада көз жоқ.
6. Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады.

Сергіту сәті. Артық болмас білгенің..

1. Қағаз купьюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді.
2. Қолыңызда ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз.
3. Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді.
4. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни жоқ десең, жоғала береді.

5-оқушы: Алмира

Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,
Өзімізді бұғаудан солай босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.

3. Көрініс. Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың әңгімесі.

2 дос саябақта келе жатып, 1 еуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады. 2-шісі оған:

- оны қайтесің, оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы былай деп:

- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем, - жауап беріпті.

4. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.

6 -оқушы: Мөлдір

Теңге күнім – мерекем
Әр адамның жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.
Енді, ағайын өз теңгеміз бар бізде,
Өз теңгемнен құралады үлкен іс.

7 -оқушы: Азамат

Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай – бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.

8 -оқушы: Бибінұр

Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқымның қамын ойлап қамыққандар.
Әл Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.

9 -оқушы: Жансерік

Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, қазақ деген елденбіз.

10 -оқушы: Мадияр

Ұлттық теңге – даму көзі елімнің,
Қазыналы – халық асыл байлығы.
Құндылығын сақтап мәңгі жерімнің,
Арта берсін, мәртебесі, бар жыры.

Рефлексия (Стикерге өз ойларын жазып тапсырады. Бүгінгі алған әсерін)

Қорытынды

Тәрбиеші мен балалар ортаға шығып, жұмсақ ойыншық жүректі қолына алып, егемен еліміз туралы жеке-жеке тілек айтып, Мұғалім қорытынды сөзін: Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып еліміздің ертеңі жарқын болуына сіздер де ертең еңбек етесіңдер, соған лайықты ұлан болып өсіңіздер! Бір болайық, бірлігіміз жарасқан ел болайық! -айтып, соңында барлығы жүректі бірге ұстап, жоғары көтеріп, «біз біргеміз» деген сөзді айтып, сабақты аяқтайды.

Сіздерге қатысқандарыңыз үшін рахмет!



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, теңге тәрбие сағаты, теңге туралы тәрбие сағаты, ұлттық валюта теңге туралы тәрбие сағаты, тенге туралы тарбие сагаты, ұлттық теңге туралы ашық сабақ, теңге тәрбие сағаты, теңге туралы тәрбие сағаты, ұлттық валюта теңге туралы тәрбие сағаты, тенге туралы тарбие сагаты, ұлттық теңге туралы ашық сабақ, Қазақша тәрбие сағат: Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат