DataLife Engine / 1 Маусым - Халықаралық балалар қорғау күні

1 Маусым - Халықаралық балалар қорғау күні

Балалардың бақшасында бүгін той -
Балаларды қорғау күні, біліп қой!

Алақай-ау, алақай!
Той тойлайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық, балақан!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!

Алақай-ау, алақай!
Ән шырқайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақан!

Тіліп алып тәрбиеші тәтелер,
Гүл жинайық елімізде мәпелер!

Алақай-ау, алақай!
Ән шырқайық, балақай!
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақан!

Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша
01.05.2019
Вернуться назад