DataLife Engine / Мама туралы тақпақтар

Мама туралы тақпақтар

  Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.


Айналайын Мама,
Туған күніңмен!
Сыйлайыншы саған
Дала гүлін мен.
Күлімдеген көзің
Күннің нұрындай.
Ұлым деген сөзің
Ақын жырындай.



Айналайын анашым,
Әлемдегі жан асыл.
Болса маған не керек,
Бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым,
Шам-шырақ боп жанасың.
Бір өзіңе арнаймын
Сөздерімді бар асыл.





Дүниеде артық
Жан жоқ мамамнан.
Дариядай шалқып,
Ән боп таралған.
Мерекең ғой бүгін,
Жүрек жарылар.
Даланың ақ гүлін
Сыйға қабыл ал.


Мама деген - ақ жаулықты аппақ ар,
Мамыны ұқпас қиянатта тапталар.
Өткің келсе қиянаттан  қиналмай,
Мына өсиет-өнегемді жаттап ал:


Кінәлісің Мама алдында, маңқа бас,
Жанарынан жалғыз тамшы тамса жас.
Орындалмақ арманы бол қалай да,
Мама болмас бала бағын аңсамас.


Қажетті сілтемелер:

10.11.2018
Вернуться назад