DataLife Engine / Ізетті қыз

Ізетті қыз

Таңертең ерте тұрамын,
Ұқыпты болу – ұраным.
Үйді де жинап тап-таза,
Кірімді өзім жуамын!

Жүрсе анам тамақ пісіріп,
Көмекке келем түсініп.
Үлкенді сыйлау қашанда,
Кішілік емес – кісілік!

Әжеме оқып газетті,
Бөпемді бағып жаз өтті.
Мақтайды мені әкешім:
Қызым деп менің ізетті!
09.10.2015
Вернуться назад