DataLife Engine / Мұғалім, ұстаз

Мұғалім, ұстаз

Мұғалім біздің анамыз,
Анамызды сыйлаймыз.
Айтқан ақыл, білімін
Ықыласпен тыңдаймыз.

Аттанғанда алғаш мектеп есігін,
Үйреттіңіз маған білім бесігін.
Құлшынамын әрқашан жалықпаймын,
Көкейімде ұстаз ұлы есімін.
Ұшыра бер ұстазым сан түлекті,
Рухыңыз мәңгі сіздің құдіретті.
Білім алып самғайды қырандарың,
Ақтаймын ұстаз күткен зор үмітті.
Қадірлеймін әрқашан ұстаз ана,
Сыйлайды өзіңізді барша бала.
Сізден тәлім алған ұрпақтарың,
Дарынды болар білімді ұққан ғана.
09.10.2015
Вернуться назад