DataLife Engine / Санамақ

Санамақ

Бір дегенің - Білім,
Екі дегенің - Ілім.
Үш дегенің - Ғылым.
Төрт дегенің - Таным,
Бес дегенің - Талғам,
Алты дегенің - Ақыл.
Жеті дегенің -
Парасатқа жақын.
Сегіз дегенің - Сана,
Тоғыз дегенің - Толғам,
Он дегенің - Ой,
Осыны ұғып қой!
Жарылқасын Боранбай
05.05.2016
Вернуться назад