DataLife Engine / Алғашқы қар

Алғашқы қар

Күзде иіні жұтаған
Қыр көмілді ақ қарға.
Майыстырып бұтағын,
Ақ тон киді бақтар да.

Жылғалардан қақ көрдім,
Жатыр шеті шетілмей.
Дала жаңа дәптердің
Жазылмаған бетіндей.

Әнуарбек Дүйсенбиев
05.05.2016
Вернуться назад