DataLife Engine / Ит, күшік

Ит, күшік

Күшігім

Алматы облысы, Панфилов ауданы
"Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен " КММ-сінің
1"Ә" сынып оқушысы: Султанай Нурай
Жетекшісі: Алпысбаева Тоғжан Ыдырысқызы


Күшігім менің ақтабан,
Бекер қарап жатпаған.
Сиыр кірсе аулаға,
Аулаққа қуып тастаған.

Тыным таппай жүр едің,
Шәуілдеп кеп үредің.
Күншуақтап жата ғой,
Біраз тыным ала ғой.

Күшігім

Өзі адамға үйірсек,
Өліп-өшіп ойнайды.
Қиқуласып жүгірсек,
Қашып жүр деп ойлайды.

Қуып жетіп қалғанда,
Білмейді не істерін.
Балтырыңнан алғанда,
Батырмайды тістерін.
Қадыр Мырза Әли


Күшігім менің, күшігім,
Үй күзетер пысығым.
Үргені де шамалы,
Тамақ берсең болғаны.
07.06.2016
Вернуться назад