Аңдар, үй жануарлары, жабайы жануар

Аңдар, үй жануарлары, жабайы жануар

Аю туралы тақпақ

Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық
Қалтамызға салайық.


Түлкі туралы тақпақ

Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой.
Жатып алып жағада,
Іздегені ду ғой.

Түлкі,түлкі құтыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың.
Қанша құлығыңды асырсаңда,
Қасқырдан сен құтылмайсын.


Қасқыр туралы тақпақ

Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады,
Аспанға қарап ұлиды,
Аылда малды ториды.

Қасқыр жортар түнменен
Күндес болып күнменен.
Қасқыр жортар сайменен,
Араз болып Айменен.
Қасқыр жортар ойменен,
«Жолықсам,- деп – қойменен.»


Қоян туралы тақпақ

Ақ қоян-ау,ақ қоян,
Ұзын құлақ сақ қоян,
Қаша берсең орманға
«Қорқағым» деп ат қоям.

Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.

Сұр қояным отыр,
Қулақтарын қозғалтып.
Былай, былай
Қулақтарын қозғалтып.

Қоян отырса суық,
Аяғын жылытайық.
Хлоп-хлоп-хлоп-хлоп,
Аяғын жылытайық.

Қоянға тұру суық,
Қоянға секіру керек.
Ытқып-ытқып,
Қоянға секіру керек.


 Арыстан туралы тақпақ

Мен-мықты арыстан.
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Дана
    Оқырман Дана 01.03.2023 00:18
    4 + 1 -
    оте керемет