9 мамыр - жеңіс күні

9 мамыр - жеңіс күні

Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
- Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн? - деп.

 

Жауынгер туралы тақпақ

Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.


Оқ борады күні - түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.


Пайдалы сілтемелер:


Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.

Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.


Қарап көріңіз:



Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы - жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге.

Қасарысты жиырма сегіз,
Тынбай атты гранатты.
«Отан» деген отты лебіз -
Жандарынан жалын атты.

Орыс, қазақ, қырғыздан,
Құрылған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған
Жайпап түсер жалын боп.

Жас ұрпақ, асыр сап
Шырқайды Ерлікті ән қылып,
Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік

Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!

Ұлы Жеңіс!

Сүйінші, халқым сүйінші,
Сүйіншіге - сүйінші!
Шаттан ата - анамыз!
Шаттан ата - бабамыз!


Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той мереке!

Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам,
Анау жаудың танктері лаулаған.
Ресей кең, Отан кең, артымызда Москва.
Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.

Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.

Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау-қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға.

Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Үйлер де құламайды,
Ешкім де жыламайды.
Бейбітшілік болса,
Балалар болады аман,
Аналар болады аман,
Бейбітшілік болса.

Тастар көкке атылды,
Орман шулап,тау құлап…
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ…

Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен-аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Жеңем деген ел сөзі!
Түрды ажалдан жоғары.
Өмір,адам жұлдызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Отан, ұрпақ болашақ
Тұрды ажалдан жоғары,
Өмір нұры жарқырап.

Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
Жиырма сегіз қыранды
Жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып.
Жау алдында тұрды олар,
Жиырма сегіз мың болып.

Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырды
Ұмытпайды ел мәңгілік.

Анамыздай тілеуі ақ,
Отан бізде біреу-ақ
Ол-біздің Қазақстан!

Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржандай атамыз.
Фашистерден Отанды
Қорғап батыр атанды

Біз еліктеп өсетін,
Батырларың десе кім?
Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржан біздің атамыз.

Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, - десті, - сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де -
Жеңіс күні, шырағым!

Азаттықты аңсаған еркін елміз,
Дос пейілді ұлттарға жаны - көлміз.
Ұшқан құстың қанаты талатұғын
Көк аспанбыз, көсілең - алтын төрміз.

Отаным бар, ордам бар мақтанатын,
Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын.
Бізді осындай егемен ел болсын деп,
Қазақстанда шығарған жастар атын.

Жетпіс жылда өтелмей парызымыз,
Туған тілдің алдында қарызымыз.
Басқа ұлттарға үнемі мазақ болмай,
Арымызға айтайық арызды біз.

Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт - берекең - атаң қымбат
Туып - өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерін қымбат

Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген.

Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан


Ардагер туралы тақпақтар

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.


Ұлы Отан соғысы

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу ауылы
«Шилісу негізгі мектебі» КММ–сінің
4-сынып оқушысы: Ердәулетқызы Шаймира
Жетекшісі: Билибаева Қарлығаш Урамбаевна


Жеңіс туы желбіреген кездерде,
Қуаныштың жасы үйірілген көздерге.
Отан үшін отқа түскен аянбай,
Батырлықтың рухы мұра біздерге.

Ұлы Жеңіс тарихтада жырланған,
Тебіренер еске алса әр халық.
** жылдық мерей тойы жеңістің
Ардагерлер рухына бағыштайық!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 19
  1. Оқырман Елина
    Оқырман Елина 06.05.2022 12:46
    9 + 4 -
    Құты болсынн ??
  2. Оқырман Айзере
    Оқырман Айзере 04.05.2022 23:29
    7 + 15 -
    Сүйінші халхым сүйінші
    Сүйінші -сүйінші
    Шаттан ата анамыз
    Шаттан ата бабамыз
  3. Оқырман Инабат
    Оқырман Инабат 03.05.2022 22:07
    7 + 7 -
    Женіз куні кутты болсын.
  4. Рақмет
    Рақмет 28.04.2022 09:27
    15 + 14 -
    Рақмет
  5. Оқырман Анар
    Оқырман Анар 24.04.2022 15:08
    9 + 5 -
    Жауынгерлер туралы тақпақтар дың авторына айтасызба
  6. Оқырман Балнұр
    Оқырман Балнұр 09.05.2021 15:51
    10 + 3 -
    Жеңіс күні құтты босн
  7. Леннур Леннур
    Леннур Леннур 05.05.2021 11:04
    6 + 14 -
    Жеңіс күні құтты болсын деп тілейміз. Мен
  8. Рахмет
    Рахмет 04.05.2021 21:36
    13 + 13 -
    Керемет такпактар?????????????????????????????????☀☀☀☀???????????????????????????????????????????????????????
  9. Оқырман Асем
    Оқырман Асем 04.05.2021 20:05
    10 + 7 -
    Өте жақсы
  10. 9 мамырға тақпақ
    26 + 8 -
    Бар даланың даңқысың —
    Балауса гүл, балғын қыз.
    Жанын қиып халқы үшін,
    Жанып түскен ақ жүлдыз.

    Бірге соқсын дүрсілдеп,
    Туған жермен жүрегің.
    Атың жүрсін есте деп,
    Әнге қосып тұр елің.

    Аямас ек асылды,
    Не жасармыз біз артық...
    Сенің қыршын жасыңды
    Жүрміз солай ұзартып.

    ++++++++++

    Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
    Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
    Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.
    Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
    Самғат.
    Домбырада саусақтары жаралы,
    Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
    Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
    Жеңіс деген сөзден ләззат алады.
    Әлішер.
    Ағайлардан, апайлардан, інімнен,
    Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.
    Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,
    Жазылғандай әжем белі бүгілген.
    Жамиля.
    Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,
    Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.
    Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,
    Жаңарладан алтын шуақ шашылған.
  11. жеңіс күніне арналған тақпақтар
    18 + 5 -
    Отан үшін жанымызды береміз,
    Отан үшін барлығына көнеміз.
    Отаның да, ананың да алдында,
    Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.
    Айзере.
    Сарқылмайтын қуатым,
    Тірегімсің сен Отан.
    Мәңгі соғып тұратын,
    Жүрегімсің сен Отан.
    Ислам.
    Туған жерде толамыз,
    Ертең жігіт боламыз.
    Отан ортақ үйіміз,
    Көңілді ән мен күйіміз.
    Диас
    Отан - сенің, ата - анаң,
    Отан - досың бауырың.
    Отан - өлкең, астанаң,
    Отан - аудан, ауылың.

    Жарқынай.
    Бақытты боп жүргенім,
    Сенің арқан, Ұлы Отан.
    Елім менің - тірегім,
    Құшағынды гүл атам.
    Дияр.
    Асыр салған таласып,
    Біз туған ел - баласы.
    Қандай байтақ - Отаным,
    Жан - жағына қарашы.
    Ажар.
    Отаным - кең көсілген,
    Төсінде ырыс өсірген.
    Қаптаған шал, алып дән,
    Бәрі менім несібем.
    1. Наима
      Наима 07.05.2021 13:33
      9 + 5 -
      Мен өз отанымды жақсы көремін 9Мамыр күні мен шын жүректен
      қүттықтаймын
      Жауынгер біздің саңлақтар
      Жауды деген солдаттар
      Ардақты Отан -ел үшін
      Бағытты тұған жер үшін
  12. соғыс туралы тақпақтар
    14 + 7 -
    Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
    Жігер менен құштарлықтың құралы.
    Күрескердің арманы мен ұраны,
    Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

    3 - оқушы. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9 - мамырына қайта оралтады.

    2 – жүргізуші:

    Жауынгер біздің саңлақтар,
    Жауды жеңген солдаттар.
    Ардақты Отан – ел үшін,
    Бақытты туған жер үшін.

    - Құрметті ұзтаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.

    5 - оқушы. 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

    6 - оқушы.
    Оқ борады күні - түн
    Жатты жерді от қарып.
    Алға қарай ұмтылды,
    Батыр қазақ оқты алып.

    7 – оқушы.
    Туын жықпай қолдағы,
    Опат болды елі үшін.
    Кеудесімен қорғады,
    Азаттықтың жемісін.

    8 - оқушы:
    Даламыздың даңқысың,
    Балауса гүл балғын қыз.
    Жанын қиып халқы үшін,
    Жанып түскен ақ жұлдыз.

    9 - оқушы.
    Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
    Оқ борап снарядтар қаққан да ызың.
    Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
    Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

    10 - оқушы.
    Жас ұрпақ, асыр сап
    Шырқайды Ерлікті ән қылып,
    Небір заңғар таулар құлазып шөксе де,
    Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік

    11 - оқушы.
    Қасарысты жиырма сегіз,
    Тынбай атты гранатты.
    «Отан» деген отты лебіз -
    Жандарынан жалын атты.
  13. Алау
    Алау 18.12.2020 10:47
    4 + 2 -
    Мықты жеңіс күні құтты болсын
    1. асылы
      асылы 14.04.2021 17:01
      11 + 1 -
      16 желтоксан
      тәуелсіздік алған күн
      мерекеге ел тоқсан
      атамменен барған күн
      дер акын боп кетсен я
      1. Оқырман Акерке
        Оқырман Акерке 12.04.2022 22:25
        5 + 3 -
        Кышкене калжындамай сойлесейш учат емеспа ол быздын ата ьаьамыздын ел ушын жер ушын курескен аталарымызды мерекесыгой не ушын оны маза кып отырсын сен??????
  14. Юпитер Лайв
    Юпитер Лайв 02.05.2020 11:11
    5 + 5 -
    Рахмет көп көп сіздерге
  15. Гүлзада Жанболатқызы
    7 + 7 -
    керек болса кітап оқысаңдаршы сол жердер бәрін табасыңдар
    1. Әуелбек махпуба
      0 + 0 -
      Рахмет сізге ала разы болсын
      Алланың жарықтаи жүзін көріңіз Гүлзада
      Жанболатқызы сізге алғысым шексіз