22 наурыз - Наурыз мейрамы

22 наурыз - Наурыз мейрамы

Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!

Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.

Алматы обылысы, Іле ауданы, Қараой ауылы
Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің
2 «Б» сынып оқушысы: Орнықбай Мирас
Жетекшісі: Керимова Нургуль Нукеновна


Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.

Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебінің
4 «в» сынып оқушысы: Джинайтова Дильноза
Сынып жетекшісі: Акилова Камила


Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып.
Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз.


Қажетті сілтемелер:



Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.

Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.


Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты

Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.

Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.

Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.

Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.

Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.


Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, Наурыз!

Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсың бұл Наурыз!

Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.

Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейрім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Ақ қайыңның аясында айқасқан,
Балуан білек, қыпша бел.


Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған,
Жаcыл желек, көк аспан.

Наурыз самал, наурыз таң,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.

Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!

Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!

Наурыз тойы - елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем Наурыз тойын!

Наурыз келді - жыл келді
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар
Сәбилермен бірге енді.
Наурыз келді, нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Бақшадағы апайлар
Тойға әзір боп үлгерді.

- Жақсы ма, ата, қалыңыз?
- Менің атым Наурыз,
Балдай тәтті сарыуыз
Алып келдім -
Алыңыз!


Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын,
Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын,
Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін,
Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!

Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы


Наурыз жылы, жыл басы
Наурыз көже ел асы
Наурызда бас қосуды
Тілеу керек осыны
Наурыз бақыт, жаңа күн
Көже ішіп қалатын
Наурызда бас қосуды
Тілеу керек осыны
Наурызда шашу шашылды
Ақ кебеже ашылды
Тәтті наурыз көжеге
Тары, уыз қосылды.

Сейлхан Қалипа Ескендерқызы
ОҚО,Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
"Т.Аубакиров ЖОМ" 2 "Ә" сынып оқушысы.
Сынып жетекшісі: Полатова А.Ж.


Алақай-ау, алақай!
Наурыз келді, балақай!
Халық тойды тойлайды,
Әсем әнге салады-ай!

№103 жалпы орта мектебінің
1 «Ә» сынып оқушысы
Серікбай Ерхан
Сынып жетекшісі: Буриева Гульбахар


Құстар ұшып келеді,
Наурыз келді алақай!
Күн нұрындай төгіледі,
Көк кілемге жамылып жер.
Ағаштар да гүлденіп,
Шашу шашты егінге.
Шаттанамыз қуанып,
Наурыз тойы болғанда.
Біз бақытты баламыз
Бақыт тілеп баршаға,
Ақ тілекті дос-жаран
Құтты болсын мереке!

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Ембі қалалық №7 орта мектебі
2 сынып оқушысы Марат Дәулетхан Даниярұлы
Жетекшісі: Жулдыбекова Райса


Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат - күлкімен қуаныш
Еліме сыйлар жұбаныш.
Бүршік жарып ағаштар
Асық ойнап балалар.
Наурызды жүр қарсы алып
Жасы үлкен аталар.

Наурыз-ай, наурыз-ай,
Тәтті көже бересің.
Қарнымыздың тойғаны-ай,
Кетпейді әлі елесің.
Күшігім
Күшігім менің келе ғой,
Құшағыма ене ғой.
Мойныңа бау тағайын,
Ойынға ертіп барайын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 87
  1. Нурлыбек
    Нурлыбек 24.02.2021 22:09
    17 + 14 -
    Жылдын басы наурыз
    Жержин басы наурыз
    Мерекеге арналсын
    Бугинги жыр ани миз
    1. Оқырман Анель
      Оқырман Анель 25.02.2021 06:35
      15 + 8 -
      Керемет такпак
      1. Оқырман Амина
        Оқырман Амина 13.03.2021 17:44
        11 + 6 -
        Күшшті екен ?????
    2. Оқырман Aidana
      Оқырман Aidana 02.03.2021 21:42
      11 + 6 -
      Өте керемет тақпақтар молодцы
      1. Жарқымбетқызы Аружан
        2 + 8 -
        ??
  2. Шұғыла
    Шұғыла 24.02.2021 15:32
    13 + 12 -
    Наурыз мейрамы туралы таппақтар ұнады
    1. Жасың нешеде
      Жасың нешеде 03.03.2021 12:22
      14 + 19 -
      Қайда тұрасың
      Атың кім
      1. Няғласн атмд
        Няғласн атмд 17.03.2021 20:06
        5 + 4 -
        Овлвклклкькьклтктклктлктілләлілілдтыдыллвлвлыьааааааа
  3. Наурыз туралы
    Наурыз туралы 12.02.2021 03:16
    18 + 17 -
    Музафар Әлімбаев
    Сен ортақ дастарқансың бәрімізге,
    Татырған сары уыздың нәрін бізге.
    Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз,
    Жарылқар берекеміз сары күзде.

    Наурыз – ол емес әсте дырду - думан,
    Киік емес қиқулап бір күн туған.
    Ол – қыздың кісілікпен көшеленіп,
    Рухани есеюі ұлдың туған.

    Наурыз – ол ұсақтықтан арылуың,
    Халықтың бірлігінің мығымдығы.
    Күдіктің безбеніне тартылмайтын,
    Қазақи Ата дәстүр Ұлылығы.
  4. Наурыз өлең
    Наурыз өлең 12.02.2021 03:16
    13 + 12 -
    Наурыз сыйы тыныштық
    Әли Ысқақбай
    Жадырап күннің жанары,
    Бетті өпсе жылы самалы.
    Сай - сайға ақса жылғалар,
    Бұл Наурыз хабары.

    Ашылып аспан шүмегі,
    Жауынмен құм да түледі.
    Көкмайса жұмсақ құлпырған,
    Бұл Наурыз кілемі.

    Бусанып тарғыл атырап,
    Нәрленіп торғын топырақ.
    Жауқазын өссе күнеске,
    Бұл Наурыз – жапырақ.

    Көз тігіп Күнге барлығы,
    Бүршігін жарса әр гүлі.
    Халыққа бақыт тілеген,
    Бұл Наурыздың жарлығы.

    Бөктіріп көктем жаңбыры,
    Тіріліп шөптің тамыры.
    Бүрленсе жусан бұрқырап,
    Бұл Наурыздың таң нұры.

    Қауымға қалың дүр болған,
    Шаттыққа бөлер жыр болған.
    Шапағат төккен мейірлі,
    Бұл Наурыз ғой нұр болған.

    Себелеп жаңбыр жауып тұр,
    Емшегін бұлттың сауып тұр.
    Жақсылық нәрін мол сепкен,
    Бұл Наурыз сауық - жыр.

    Тілегін айтып ұнаған,
    Арылса туыс күнәдан.
    Көңілде күдік қалдырмас,
    Бұл Наурыз – шын адам.

    Тұқымын сеуіп ырыс - құт,
    Дем алса диқан тыныс қып.
    Тірлік пен байлық бастауы,
    Наурыз сыйы тыныштық.

    Тәуелсіз елдің адамы,
    Бейбіт күн берік қамалы.
    Құт болсын дейік ағайын,
    Жаңа күн Наурыз қадамы.
  5. Наурыз тақпақ
    Наурыз тақпақ 12.02.2021 03:15
    13 + 9 -
    Тамсанып, наурыз көже таттық дәмін,
    Халықтың тартып күйін, айтып әнін.
    Көрсетіп алуан өнер қыз­бозбала,
    Ал, кәне, келтірейік тойдың сәнін.

    -----------
    Ұлыстың ұлы күні бұл наурызда,
    Дос түгіл, татуласар жауыңыз да.
    Жер баптап, бұлақтардың көзін ашып,
    Көшет ек көше, бақша, бауыңызға.
    1. Оқырман Наурыз
      Оқырман Наурыз 11.03.2021 22:46
      7 + 4 -
      Күшті бірақ кішкене ұзақ болса жақсы болады
    2. Няғласндар атмд
      0 + 1 -
      РАХМЕТ ТАҚПАҒЫҢА
  6. Оқырман Тақпақ
    Оқырман Тақпақ 29.01.2021 01:32
    11 + 13 -
    Наурыз мейрамы маған ұнайды ?
    1. Неге айтам аттымды
      11 + 2 -
      бәріне ұнайды наурыз мейрамы
      1. Оқырман Арай
        Оқырман Арай 16.03.2021 12:05
        5 + 4 -
        Наурыз мйрамы құттыболсын ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤?
        1. НҰРБЕРГЕН
          НҰРБЕРГЕН 16.03.2021 12:58
          5 + 3 -
          РХМЕТ САҒАНДА
  7. Димаш
    Димаш 03.01.2021 17:37
    10 + 6 -
    22 наурыз тақпақтары күшті
  8. Анель
    Анель 31.12.2020 00:28
    13 + 6 -
    Наурыз туралы тақпақ ұнады
    1. Оқырман Аман
      Оқырман Аман 29.01.2021 01:32
      10 + 7 -
      Мағанда
      1. Оқырман Дархан
        Оқырман Дархан 28.02.2021 19:20
        9 + 4 -
        Көшті наурыз таппақ??????
        1. Айназ
          Айназ 10.03.2021 18:15
          5 + 6 -
          Очень круто
  9. Сагыныш Сагидулла
    9 + 6 -
    оте керметтттттттттттт
    1. Оқырман ...
      Оқырман ... 27.02.2021 00:50
      3 + 6 -
      Камшат
      1. Оқырман Жания
        Оқырман Жания 16.03.2021 17:45
        2 + 4 -
        6*2:3
  10. абай
    абай 19.03.2018 14:53
    8 + 4 -
    кушти екен!
  11. 15.03.2017 09:09
    4 + 4 -
    Магане тоже унады
  12. 15.03.2017 09:08
    3 + 4 -
    Маған тоже
  13. Bendjamin Ansel
    Bendjamin Ansel 05.03.2017 18:07
    5 + 3 -
    Жылдың басы Наурыз, Жердің басы Наурыз. Мерекеге арналсын Бүгінгі жыр- әніміз.
  14. Astana Astana
    Astana Astana 20.01.2017 11:59
    4 + 2 -
    Керемет
  15. Дильназ Укертаева
    5 + 3 -
    Маган унады Жаксы Ия Сызге рахмет
  16. Бексултан Керимбек
    7 + 3 -
    Маган унады
  17. Altynay Abdikhamit
    Altynay Abdikhamit 12.03.2015 14:43
    3 + 2 -
    маган унады
  18. Altynay Abdikhamit
    Altynay Abdikhamit 12.03.2015 14:42
    3 + 2 -
    маган унады
  19. Altynay Abdikhamit
    Altynay Abdikhamit 12.03.2015 14:42
    2 + 3 -
    маган унады

Ілмектер: наурыз туралы такпактар, наурыз туралы тақпақтар, наурыз туралы тақпақ, наурыз мейрамы туралы тақпақ, наурыз мейрамы тақпақтар, наурыз мейрамы тақпақ, наурыз мейрамы арналған тақпақтар, наурыз мейрамы қазақша тақпақтар, наурыз такпак, наурыз такпактар балаларга, Қазақша тақпақ: 22 Наурыз - Жыл басы, 22 Наурыз - Жыл басы, 22 наурыз казакша такпак на казахском языке, наурыз такпак казакша, наурыз туралы такпак казакша, наурыз туралы такпак казакша 22, 22 наурыз туралы такпактар, 22 наурыз туралы тақпақтар, 22 наурыз туралы тақпақ, 22 наурыз мейрамы туралы тақпақ, 22 наурыз мейрамы тақпақтар, 22 наурыз мейрамы тақпақ, 22 наурыз мейрамы арналған тақпақтар, 22 наурыз мейрамы қазақша тақпақтар, 22 наурыз такпак, 22 наурыз такпактар балаларга, 22 наурыз такпак казакша, 22 наурыз туралы такпак казакша, 22 наурыз туралы такпак казакша 22, балаларға арналған тақпақтар, наурыз туралы такпак