DataLife Engine / Балғабек Қыдырбекұлы | Аттаныс

Балғабек Қыдырбекұлы | Аттаныс


Ораз соңғы күндері қатты өзгеріп кетті. Бірге оқитын жолдастары үшін бұл күтпеген жай болды. Ол түнеріп алады да, ешкіммен сөйлеспей қойды. Бұрын да мінезі ауыр еді, енді сұраққа ғана жауап береді де қояды. Гимназияның жоғары класындағы құрбылары оны әнеугі емтихандағы жайға өкпелі деп ойлады. «Оны кімнен көреді, езінен кермесе» деушілер де бар еді. Совет өкіметі орнағалы бері Оразды қайта-қайта іздеп келіп, алып кетіп жүретін әртүрлі адамдар да тыйыла қалғандай. Гриша Ораздың мінезінің өзгерісін содан деп ойлады. Бір оңашасын тауып Ораздан Гриша сұрап көріп еді, ол бұрынғысынша жауап бермей қойды.

Жақында гимназия бітірушілер орыс әдебиетінен емтихан берді. Ораз шығарманы өлеңмен жазды. Соның салдарынан оның кәмелеттік аттестатында бір үштік баға мәңгі орын алды. Орыс әдебиетінің мұғалімі:

— Әй, Жандосов, бекер-ақ істедің. Аттестатыңды бүлдірдің ғой,— деп еді. Ораз оған мойымады:

— Ол да мемлекеттік баға ғой,— деп күлін қойды. Гимназиядағы он жылғы өмірінде ешқашан «үш» алмаған Оразға төмен баға қойылғанына жолдастары қынжылып та, қиналып та қалып еді. Гимназиядағы ағарту үйірмесін басқарып, бәріне сапырып ақыл айтып отыратын жолдасының өздерінен темен баға алғаны оларға қатты батты. Ораз томсырайып үндемей жүргенде, барлық гимназистер осыған ренжіп жүр дескен. Бірақ олай болмай шықты.

Аттестат алған күні Ораз ерте жатты да, ұйықтап қалды. Түн орталап төсегіне оралған Гришаның енді кезі ілініп барады екен, үйдің ішінде біреудің түрегеліп жүрген сыбдырынан көзін қайта ашып алды. Сытырлап жаңбыр жауып тұр. Алматының жауынды сәуірдің сылбыр түнінде далаға беттеп бара жатқан кім? Әлде осындай аласапыранда балалардың бірдемесін алып жүрген ұры ма? Бірақ таныс бейне сияқты.

— Ораз!— Ол жауап бермеді. Есікке таман жақындап та қалды. Гриша орнынан қарғып тұрды.

— Ораз, қайда барасың?

— Соғысқа!— Есік тарс етті. Гриша онымен қабаттаса бірге жүгірмек еді, қою қараңғылықта Ораздың қарасын көрмей қалды. Гриша осыдан кейін Оразды арада бір ай өткенде ғана кездестірді.

Ораз сол кеткеннен түн жамылып қызыл әскерлер арасына еркімен соғысқа барды. Тастақты ақ қазақтар алып, қызылдарға қарсы оқ ата бастады. Мұнда соғыс жүріп жатты. Ораз осы соғысқа осыдан үш күн бұрын-ақ кетпек еді. «Гимназияның өзіне де большевиктер керек,»— деп Тоқаш Бокин Жандосовты соғысқа жібермей қойды. Ақыры, міне, соғысқа өзі келді. Талдырмаш бала жігіт командирдің кезіне қораш көрінді ме, әлде ұрынып қалар деді ме, оны бірден алғы шепке жібермей, жаралылар таситын қызыл керуенге орналастырды. Ол екі-үш күн жаралыларды майданнан тасып жүрді де, артынан қылыш, мылтық асынып соғысқа араласып кетті. Қазақтардың Алматыдағы он сегізінші жылғы бұл жойылды, соғыста большевиктер жеңіп шықты.

Бұл кезде гимназияда жазғы каникулға тарап жатқан балалар арасында Ораз жөнінде түрлі сөздер жүр еді. «Ораз мылтық асынып қызыл әскер болыпты», «Ораз енді мылтық асынбайды, тапанша байлайды, қызыл командир болыпты»,— деген қызбалы сөз балалар арасында гу-гу етті. Ақыры соғыс басылып, қала біраз тынышталғанда Гриша Оразды штабқа іздеп келді.

— Ол жоқ, мұнда,— деп жауап берді қызыл әскер.— Оны уездік совдептен іздеңіз!

— Әйтеуір тірі ме, өлген жоқ па?

— Большевиктер өлу үшін тумайды, шырақ, өмір сүру үшін туады!— деп қызыл әскер қатулана жауап берді.

Гриша Федоров ойланып қалды. «Большевиктер өмір сүру үшін...» Ораз — большевик! Қызық емес пе!? Енді Гриша большевик Оразды көргенше асықты. Кеше төсекте бірге жатқан досы — Ораздың қалай, қандай большевик болғанын көргісі келді...

... Ол төтелей жүріп сарыала шіркеуге жақын орналасқан уездік ревком үйіне кірді. Сапырылысқан адам. Бұрын әкімдер үйінде қазақтар болмайтын еді. Қасқыр, түлкі ішік киген, жуан-жуан бірлі-жарымды шонжарларды ғана кездестіруші еді. Енді қазақтар да, орыстар да араласып, сапырылысып жүр, өңкей жыртық киімділер.

— Жандосовқа кіруге болмайды, кішкене күтіңіз,— деді есік алдындағы солдат. Япыр-ай деп ойлады ол, Ораз тым үлкен адам болып кеткен екен-ау! Гриша күтіп тұрды. Ол әлде қалай түсінісе алмай жатқан бір қазақ пен орыс шалының сөзіне, ымдасқан қимылдарына қарап тамашалап қалып еді. Өкпе тұсынан:

— Гриша, сәләматпысың? Нағып жүрсің?— деген таныс дауыс саңқ етті. Ораз. Гриша таңданып қалды. Жаңа ғана Оразды мұндай түрде көремін деген жоқ еді. Үстіндегі бұрынғы жылтыр түймелі гимназия жақсы жұлым-жұлым. Аяғындағы етігі де ақжоңқаланып тозыпты. Шалбарының екі тізесі жыртылып кетіпті. Тозбаған басындағы мүйізді күнқағары бар картузы ғана. Бұрынғыдан айырмасы беліне белдік, оған тапанша байлапты. Ол оған айбын беріп тұрғандай. Қабағы да қатулы, ойлы.

— Сені мұндай түрде көрермін демеп едім.— Гриша ойын жасырмады. Оған ере жүрді. Ораз езу тартып қана күлді.

— Сен мені патша министрі болды ғой деп пе едің. Осы жыртық дүниені бүтіндеуіміз керек.— Бұл сөзді Гриша жақсы түсінді.

— Гриша, сен бүрсігүні кел. Мен Ғабдуалиевтің үйіне асығыс кетіп бара жатырмын.— Ораз сыртқа шықты. Гриша сауда капиталы Ғабдуалиевті білетін. Менімен сөйлеспей, бай үйінде не бар екен дегендей, ол қабақ шытты. Ал Ораз көп аттылардың алдында шоқырақтатып кете барды. Ертеңіне «Заря свободы» газетінен «Ғабдуалиевтің мүлкі конфискеленді, оны совдеп нұсқаушысы Жандосов жүргізді»,— дегенді оқып Гриша «кешесі асығыс ат танксы» осы екен ғой деп езу тартты.

23.10.2018
Вернуться назад