Әл-Инфитар сүресі

Әл-Инфитар сүресі казакша Әл-Инфитар сүресі на казахском языке


әл-Инфитар сүресі (араб.: سورة الانفطار‎) (Жару, Бөлшектеу, Түйрету) - Қасиетті Құран Кәрімнің 82-ші сүресі, 19 аяттан тұрады. Инфитар сөзі жару, бөлшектеу деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз Қиямет күнін сипаттауда қолданылады. Бұл сүре, Тәкуир сүресі және Иншиқақ сүрелері Қиямет күнін сипаттауда толықты дерлік мағлұмат береді.



Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Көк жарылған сәтте, (1)

Жұлдыздар төгілген сәтте,(2)

Теңіздер тасыған сәтте, (3)

Қабірлер қопарылған сәтте, (4)

Әркім ілгері не жіберілгенін, кейін не қалдырылғанын біледі. (5)

Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады? (6)

Ол сондай Алла, сені жаратты. Толықтап теңестірді. (7)

Ол, сені қалаған бейнеде құрастырды. (8)

Жоқ, олай емес, дінді өтіріксінесіңдер. (9)

Негізінен сендерге әлбетте бақылаушылар бар. (10)

Ардақты жазушылар, (11)

Олар не істегендеріңді біледі. (12)

Шын мәнінде ізгілер, әлбетте нығмет ішінде болады. (13)

Негізінен бұзықтар тозақта болады. (14)

Олар қиямет күні тозаққа салынады. (15)

Олар, одан ғайып бола алмайды. (16)

Қиямет күнінің не екенін қайдан білесің? (17)

Иә, қиямет күннің не екенін қайдан білесің? (18)

Ол күні, біреуге біреу қарайласуға еш нәрсе қолдан келмейді. Ол күні, әмір Аллаға тән. (19)




KZ » Сүрелер жинағы, сура аль инфитар на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Әл-Инфитар сүресі, сура аль инфитар на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Әл-Инфит, Әл-Инфитар сүресі