Әл-Бәләд сүресі

Әл-Бәләд сүресі казакша Әл-Бәләд сүресі на казахском языке


әл-Бәләд сүресі (араб.: البلد‎ әл-бәләд, Қала, Елді мекен), Қасиетті Құран Кәрімнің 90-шы сүресі, 20 аяттан тұрады.



Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жоқ, осы (Мекке) қаласына ант етемін; (1)

(Мұхаммед Ғ.С.) сен осы қалада тұрасың. (2)

Әкеге, балаға (Адам Ғ.С. мен балаларына) серт! (3)

Расында адамзатты әбігер жараттық. (4)

Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма? (5)

«Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді. (6)

Оны біреу көрмеді деп ойлай ма? (7)

Оған екі көз жаратпадық па? (8)

Әрі бір тіл, екі ерін? (9)

Оған екі жол көрсетпедік пе? (10)

Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады. (11)

Кедергінің не екенін қайдан білесің? (12)

Ол; құл азат ету, (13)

Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру; (14)

Жақындағы болған бір жетімді, (15)

Немесе шаң топырақтағы сорлыны. (16)

Сосын иман келтіріп, бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу. (17)

Міне осылар; оңшылдар. (18)

Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар, олар; солшылдар. (19)

Олар тозаққа қамалады. (20)




KZ » Сүрелер жинағы, сура балад на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Әл-Бәләд сүресі, сура балад на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Әл-Бәләд сүрес, Әл-Бәләд сүресі