Әл-Аләқ сүресі

Әл-Аләқ сүресі казакша Әл-Аләқ сүресі на казахском языке


әл-'Аләқ сүресі (العلق"Ұйыған Қан"), Қасиетті Құран Кәрім кітабінің 96-шы сүресі. 19 аяттан тұрады. Меккелік сүре. 610-жылдың Рамадан айының Қадір түнінде Нұр тауындағы Ғар Хира үңгірінде қырық жастағы Мұхаммед (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағаланың уахи сөзін Жәбірейіл періштеден алғаш естиді.

Мұхаммед пайғамбар (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағаланы есіне алып отырған кезде, Жебірейіл періште келіп оған оқы дейді. Мұхаммед пайғамбарымыз (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын): мен оқу білмеймін деп жауап қайтарады, сонда Жебірейіл періште Мұхаммед пайғамбарды (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) қатты құшағына алып тағы да Оқы дейді.

Бұл жерде Қасиетті Құран Кәрімнің ең алғашқы бес аяты пайғамбарға (Аллаһның оған игілігі мен сәлемі болсын) уахи етілген. Үңгір Меккенің солтүстік-шығыс жағындағы Нұр тауының басында, Мәсжид әл-Харамнан 4 шақырым қашықтықта орналасқан.

әл-'Аләқ сүресі әл-Иқра сүресі (إقرا, "Оқы") деп те аталады.



Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! (1)

Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. (2)

Оқы! Ол Раббың аса ардақты. (3)

Сондай қаламмен үйреткен. (4)

Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен. (5)

Сөз жоқ, адам баласы әрине азады; (6)

Ол, өзін мұңсыз көргендіктен. (7)

Шын мәнінде қайту Раббың жақ. (8)

Көрдің бе, сондай тыйым салғанды; (9)

Бір құл намаз оқыған сәтте. (10)

Көрдің бе? Егер ол (Мұхаммед Ғ.С.) тура жолда болса да, (11)

Немесе тақуалықты бұйырған болса да. (12)

Көрдің бе, егер ол (адам хақты) өтіріксініп, бет бұрған болса? (13)

Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмей ме? (14)

Жоқ, егер ол, бұдан тыйылмаса, әлбетте кекілінен сүйрейміз; (15)

Өтірікші, күнәкардың кекілінен. (16)

Сонда ол, сыбайлаcтарын шақырсын. (17)

Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз. (18)

Олай емес, (Мұхаммед Ғ.С.) оған бағынба, Аллаға сәжде қыл, жақында! (19)




KZ » Сүрелер жинағы, сура аль алак на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Әл-Аләқ сүресі, сура аль алак на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Әл-Аләқ сүр, Әл-Аләқ сүресі