Әл-Бәйинә сүресі

Әл-Бәйинә сүресі казакша Әл-Бәйинә сүресі на казахском языке


әл-Бәйинә сүресі (араб.: سورة البينة‎ ) (Ашық белгі, айқын дәлел), Қасиетті Құран Кәрімнің 98-ші сүресі, 8 аяттан тұрады.



Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді. (1)

(Ал бұл дәлел) тап-таза нұсқаларды оқитын Алла тарапынан жіберілген бір Пайғамбар (еді). (2)

Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар. (3)

Дегенмен өздеріне кітап берілгендер, оларға ашық дәлел келгеннен кейін-ақ бөлінді. (4)

Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін. (5)

Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне солар, жаратылғандардың жауызы. (6)

Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы. (7)

Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады. Алла олардан разы, олар Алладан разы. Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін. (8)




KZ » Сүрелер жинағы, сура аль байина на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Әл-Бәйинә сүресі, сура аль байина на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Әл-Бәйинә, Әл-Бәйинә сүресі