Әл-Қияма сүресі

Әл-Қияма сүресі казакша Әл-Қияма сүресі на казахском языке


әл-Қиәмә сүресі (араб.: سورة القيامة‎ сурат әл-қиямә) (қайта тірілу күні) - Қасиетті Құран Кәрімнің 75-ші сүресі, 40 аяттан тұрады. Сүреде басты қозғалатын тақырып - Қиямет күні.



Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Жоқ, қиямет күніне ант етемін. (1)

Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін. (2)

Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? (3)

Әрине оны саусақтарының ұшына дейін қайта жасай аламыз. (4)

Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді. (5)

“Қиямет күні қашан болады?”,- деп, сұрайды. (6)

Қашан көз шағылысқан, (7)

Ай тұтылған, (8)

Күн мен ай бір араға келтірілген кезде. (9)

Адамдар сол күн: “Қашар жер қайда?”,- дейді. (10)

Жоқ, әсте пана жоқ. (11)

Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды. (12)

Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі. (13)

Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші: (14)

Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қанша сылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім.) (15)

(Әй Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа. (16)

Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет. (17)

Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес. (18)

Сосын оны түсіндіру Бізге міндет. (19)

Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер. (20)

Ақыретті тастап, қоясыңдар. (21)

Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап; (22)

Раббына қарайды. (23)

Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады. (24)

Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды. (25)

Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде; (26)

“Кім шара көреді?”,- делінеді. (27)

Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді. (28)

Балтыры, балтырына оралады. (29)

Ол күні Раббы жаққа айдалады. (30)

Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады. (31)

Бірақ, жасынға шығарып бет бұрды. (32)

Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті. (33)

Саған пәле келсін, (34)

Сосын сені пәле басқыр! (35)

Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма? (36)

Ол, (жатырға) тамызылған бір тамшы мәни емес пе? (37)

Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі. (38)

Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты. (39)

Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге күші жетпей ме? (40)




KZ » Сүрелер жинағы, сура аль кияма на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Әл-Қияма сүресі, сура аль кияма на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Әл-Қияма с, Әл-Қияма сүресі