Ән-Нәбә сүресі

Ән-Нәбә сүресі казакша Ән-Нәбә сүресі на казахском языке


ән-Нәбә' сүресі (араб.: سورة النبأ‎) (Жаңалық, Хабар, Хабарландыру) - Қасиетті Құран Кәрімнің 78-ші сүресі, 40 аяттан тұрады.



Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Олар не нәрседен сұрасады? (1)

Зор уақиғадан. (2)

Олар, ол жөнде таласуда. (3)

Әсте олай емес, олар тез біледі. (4)

Тағы олай емес, олар тез біледі. (5)

Жерді бір төсеніш қылмадық па? (6)

Тауларды қазық… (7)

Сендерді жұп-жұп жараттық. (8)

Ұйқыларыңды дем алыс қылдық. (9)

Түнді жамылғы қылдық. (10)

Күндізді тіршілікке жараттық. (11)

Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық. (12)

Жарқыраған шырақ (күн) жараттық. (13)

Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық. (14)

Онымен дәнді дақылдарды, өсімдіктерді шығару үшін; (15)

Және ну бақшалар… (16)

Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім. (17)

Сұр үрілген күні, топ-топ келесіңдер. (18)

Көктер сетінеп есіктер пайда болады. (19)

Таулар жүргізіліп, сағым болады. (20)

Әлбетте тозақ күтіп тұрады; (21)

Азғындардың барар жері. (22)

Олар онда ғасырларша тұрады. (23)

Олар онда салқындамайды да сусын татпайды. (24)

Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді. (25)

Қылмыстарына сай бір жаза. (26)

Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді. (27)

Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді. (28)

Әр нәрсені жазып, сақтадық. (29)

“Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз” (делінеді.) (30)

Негізінде тақуалар үшін құтылу бар. (31)

Бақшалар, жүзімдер бар. (32)

Жас өспірім құрдас қыздар бар. (33)

Толып, тасыған кесе бар. (34)

Олар онда бос сөз және өтірік естімейді; (35)

Раббыңнан толық бір сыйлық. (36)

Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды. (37)

Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді. (38)

Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын. (39)

Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: “Әттең! Топырақ болып кеткен болсам” дейді. (40)




KZ » Сүрелер жинағы, сура ан наба на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Ән-Нәбә сүресі, сура ан наба на казахском языке сүре сүресі қазақша казакша, сүрелер қазақша, сүрелер қазақша текст аят, құран сүрелері аят, сурелер казакша текст скачать, куран сурелер казакша текст, сура на казахском языке, суры корана на казахском языке, Ән-Нәбә сүре, Ән-Нәбә сүресі