DataLife Engine / Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен сауысқан)

Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен сауысқан)

Ала сауысқан бір бұтақтан бір бұтаққа қонып, тынбай шиқылдай беріпті. Қасындағы құзғын-қарға үндемей отырыпты-мыс. Сонда сауысқан:

— Қарға тамыр, сен неге үндемейсің, әлде менің айтқан сөздеріме нанбай отырмысың? — депті.

Оған қарға айтты дейді:

— Рас, сауысқан мырза, еркін сөзіңе наныңқырамаймын. Саны-сапасы жоқ көп сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады деп білемін, — депті-міс.
28.03.2016
Вернуться назад