DataLife Engine / Сүлеймен Баязитов | Жыл он екі ай

Сүлеймен Баязитов | Жыл он екі ай

Апасы:

– Құлыным, мынау–

«Жыл он екі-ай» балалардың журналы,

Оқиды оны балдырғандар

Қаладағы, қырдағы.

Ертегілер, әңгімелер мұндағы,

Өлеңдер мен жаңылтпаштар, жұмбағы

Бөбектерге ұнайды,

Қолдан-қолға көшіп жүред ұдайы.

Немересі:

– Суреттер де қызық екен мұндағы,

Ата, апа... бұзау, лақ тұр бәрі.

Апа, маған тез үйретші әріпті,

Журналымды оқығым кеп тұрғаны.

07.11.2018
Вернуться назад