DataLife Engine / Əбдірей Сағыныш Байзақкызы | Мен үлгі тұтқан жан Ол кім

Əбдірей Сағыныш Байзақкызы | Мен үлгі тұтқан жан Ол кім


Талай қиындықты бастан кешіп,ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда жанын аямай жауға қарсы тұрған,бейбіт күндері туған жердің көркейіп,қанат жаюына өз үлесін қосқан,бүгінгі таңда майдангерлер атанып отырған қазалылық азаматтарымыз аз емес.Оның көбі о дүниелік болып осы қызықты да жарқын күндерді көре алмай кетті.Қалғаны саусақтың санына да жетпейді.

Солардың ішінде XXғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі саналатын Ұлы Отан соғысына қатысып,ер етігімен су кешіп,жеңісті сыйлаған жандардың бірі-менің атам,Ұлы Отан соғысының ардагері Əбдірей Əбішұлы болатын.

Менің атам 1941 жылы 21 жасында майданға аттанған.102атқыштар дивизиясы қатарында шайқасқан.Шайқас кезінде аяғынан жараланған.Сонымен қатар аяғы үсікке де шалдыққан."Ер шекіспей бекіспейді" демекші,менің атам жазылып шығысымен майданға қайта аттанады.Ал 1945жылы 2мамырда жеңіс туын тігіп,еліне,халқына мəңгілік қуаныш сыйлағандардың қатарында болды.

Ауыз толтырып айтар ерлігі бар,мен үшін үлгі тұтарлық алып тұлға саналатын,осы ашық аспан астында өмір сүруіміз үшін үлесін қосқан атамның ерлігі ескерусіз қалмасын деп осы бір үзік сырымды қағазға түсіруді жөн көрдім.

Менің атам Əбдірей Əбішұлы-мен үшін үлгі тұтарлық тұлға.Атам үлгі боларлық істерімен маған ғана ата емес,Қазалының əрбір жаны ескеріп,есімін жүрегінде сақтап,жасаған ерлік істерін мақтанышпен айта алатындай болса деймін.Атамның есіміне өз туған жеріндегі көше атауы берілсе деп ойлаймын.

05.11.2018
Вернуться назад