DataLife Engine / Махамбетәлиева Зере | Ұлтыңды тәрбиелеймін десең қызыңды тәрбиеле

Махамбетәлиева Зере | Ұлтыңды тәрбиелеймін десең қызыңды тәрбиеле


Қыз баланың тәрбиесі-халықтың қымбат байлығы. Иә, қыздың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі деген тағы бар.Өткенге көз жүгіртсек,қыз баласы қашан да инабаттылығымен,әдептілігімен,өзіндік ұяңдығымен дараланған.Жалпақ тілмен айтқанда,тал бойында бір мін жоқ,кіршіксіз таза жандар.Үлбіреген үкісі,сәнді сәукелесі,өрілген қос бұрымы,сыңғырлаған шолпысы,тобықтан төмен түскен қарапайым көйлегі қандай десеңші!!!Иә, көрсең көз тоймайтын ерекше тылсым күштің иелері бұлар!Бірақ,қазіргі қыздарға қарасаң бұрынғының иісі де сезілмейді.Құндылығын жойған қазақ қызын көргенде бармақ тістеп,іштей күйінесің.Заман өзгерді екен деп,өткенді ұмыту үлкен қылмыс.Ұрпағымыздың ұсақталғаны осы шығар сірә!Кезіндегі сүбелі сөздерін сүйегіне қондырып,әуезді әнімен әлдилене білген жандардың,бүгінгі заманының қырат-қырат белестерінен тұжырым түйістіре алмайтын жастарымыз.Жібі түзу,басынан сөз асырмайтын,сөйлеген сөзі мірдің оғындай,өрісі кең батыр аналарымыздың қу сирақ,сөзі түйеден түскендей,тас жүрек ұрпағымыз.Алтын қолымен игі жақсы іс қылатын жандардың,өз қолын өздері жаман іске апаратын әпербақандарымыз.Табиғи сұлулығымен дараланған қыздардың,өз жүздерін өздері солдырып,бетіне 5 тонна далабын жағатын сылқымдарымыз.Күндіз-түні ас үйден шықпайтын ханшайымдардың,күндіз қыдырудан қолы тимей,түнде түнгі клубтың төрінен табылатын жарғанаттарымыз.Әркез жаулығымен оранып,шашын ердің көзіне түсірмейтін ардақтыларымыздың,орамалды жұма мен оразада әрең тағатын имансыздарымыз.Қос бұрымын құлпыртып өретін аруларымыздың,шашын жаймаса жүре алмайтын ауруларымыз.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,кезіндегі қазақ қыздарының тырнағына да татымайтын,ұлы дана халқымыздың ұсақталып бара жатқан бөлшегі сындымыз.

Қазіргі қазақ қыздары тегіннен тегін олжа болып,кім көрінгеннің мазағына айналып жатыр.Бүгінгі күні қаракөз қыздарымыздың өзге ел азаматтарымен отау құруы кеңінен етек жаюда.Сонда,қазақта өр мінезді,аузын ашса жүрегі көрінетін батыр азаматтарымыздың жоқ болғаны ма деп күйінесің іштей.Түрлі қоқыстар мен әжетханалардан табылған кішкене шақалақ сәбилерді естісең тіпті денең тітіркеніп,тұла бойың мұздап кетеді.Ал,жауапсыз ананың жасаған қылмысынан бар зардапты кішкентай балдырғанның көретіні қабырғаңды қайыстырады.Онымен қоймай,зиянды заттарға әуестігі,жүріс-тұрысы,киген киімдерінің өзі жүйкеңе әсер етіп,қытығыңа тиеді.

Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның ортасы мен бірге жүрген дос-жарандарының әсері мол.Қазақтың «Қыз өссе,қызы жақынмен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған.Қыздың жаман болуы отбасыдағы тәрбиеден.Ал, тәрбие отбасынан басталатындығы тайға таңба басқандай анық байқалады.Қазіргі таңда қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек.Ұл шежіренің байлығы болса,қыз мемлекетіміздің байлығы.Сондықтан да,келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды ұрпақты тәрбиелей алатынына сенім білдіремін.

Ел болам десең бесігіңді түзе дейді қазақ халқы!Қазіргі заманда бұл сөзді «ел болам десең,бесігіңді тербетер қызыңды түзе» деп өзгерткім келеді....

03.11.2018
Вернуться назад