DataLife Engine / Баубек Бұлқышев | Өмір мен өлім туралы

Баубек Бұлқышев | Өмір мен өлім туралы


(Майдандағы қазақ жасының дәптерінен)

Адам туады, адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? Бұл — жаратылыс заңы. Біздің шығыс елдері: «Адам — дүниеге келген қонақ, біраз қонақтадық, аттануын керек», — деседі.

Бірақ адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді: ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады. Ол өмірге адам болып келіп, адам күйінде қайтады.

Мен — ұлы жиырмасыншы ғасырдың жасымын. Бүгін мен өз жайымды әңгіме еткім келеді. Өйткені бір жағымнан кек қысып отыр да, екінші — үлкен бір қайғым да бар. Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілердің біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны.

Кек неге қысады дерсіздер, оны да айта кетейін. Жастық шақ маған бір-ақ рет берілмеп пе еді? Сол кезімді әлдеқайда түнерген қара күш жұлып әкетпекші. Ол жастықтан бір айрылсам, ол қайтып оралар ма? Оралмайтынын мен жақсы білем, аһ, тіпті жақсы білем! Біз, жаста.р, өмір сүруге асығатын едік, жастық шағымыздың іші - тысы бірдей мағыналы болсын деуші едік қой, солай емес пе, құрбыларым? Міне, сол қымбат шағымызды фашистер тонап алғысы келеді, балдырғанды бақшаға өрт салғысы келеді. Мен осыған кектенем.

Мен дүниеде жиырма - ақ жыл жасамадым ба? Бірақ дәл қазір ересек адаммын деуге болады. Мен жиырмадамын, бірақ мендегі ой ақсақалды, байсалды, талай белді артқа салған адамның ойындай.

Менің 19 жасымда бар ойым оқуда, қызмет жайында және, несін жасырайын, атақ, жайында болатын. Мен толып жатқан өнер жайын ойлаушы ем. Алдымен ақын болғым келетін. Пушкин мен Лермонтовты, Гете мен Гейнені, Байрон мен Шиллерді оқығанда бір жола сүңгіп кетуші ем. Бұл ақындар маған қатты ұнайтын да, күні-түні басымды көтермей оқитынмын. Мен күйші де болғым келетін. Чайковский мен Глинканы, Бетховен мен Шопенді ерекше құмартып тыңдаушы ем. Мен өзімшіл екем, әрі ақын, әрі күйші болғым келетін.

Жоқ, шынын айтсам, маған ол да аз еді. Менен гөрі ересек жолдастарым мен бір туған ағаларым институт бітіріп, біреу — инженер, біреу — тарихшы болып шыққанда, осы мамандықтар түгелімен менде де болса деуші едім.

Өмір үшін, жас жігіт үшін, әрине, бұ да аз. Мен бір жақсы қыз жайында да қатты толғанушы ем. «Сүю» деген жалғыз сөзде қандай ұлы күш бар! Солай емес пе, құрбылар? Мен бір сұлу қызды, қазақтың бір сұлу қызын сүюші ем! Аты Жанна еді.

Сол кезде бақыт дегенді бағалай білсемші! Ол. кезім өмірімнің бір ұмытылмас кезеңі екені енді ғана еске түседі,

Адам жүрегін өзгеше жақсы білетін ұлы Гете жастық шақты босқа жырлаған жоқ. Ол жастық шақты адам өмірінің ең биік шыңы деп босқа айтпаған.

О, жастықтың ұлы ақымы, Гете! Мен сенімен тілдескім келеді: сен туған елді, сенің бауырларыңның үрім бұтағын неге айналдырғанын білесің! Сен үшін ерекше қымбат саналатын асылдарды қалай қорлап, қайран жастықты қалай құртып жатқанын сезесің!

Бір кезде Гетенің елі деп аталатын Германия енді тапшылық таңбасын жасыра алмайтын зорлық-зомбылықтың еліне айналды. Германия фрицтердің еліне, шала сауаты еврейлер Гитлердің еліне айналды. Атақты ата, ұлы ақын, біздің жанымызға да осы батады. Бүгінгі фрицтер Фаусты» оқымайды, білмейді. Олар сені де білмейді!

Атақты ақын, сені біздің ел ғана шын сүйеді. Сені біз Пушкинмен қатар қоямыз. Сен естіп, білмеген біз, казак, жастары, сенің «Фаустыңды» қандай кұрметтейміз! Өйткені біз жастық шақты, жас өмірді ерекше сүйеміз. Біздің елдің жас буын, жаңа ұрпағы осындай, ұлы ақын!

Ұр да жық ақымақ фрицтер біздің жастығымызды, болашағымызды құртқысы келеді. Біз, әрине, бере алмаймыз оны! Өлерміз, бірақ бере алмаспыз! Бермейміз! Орыс та осыны айтады, казак та осыны айтады, СССР- дағы барлық ұлттар осыны айтады!

Мен, міне, 300 күннен артығырақ соғыста жүрмін. Бүл уақыттың ішінде біздің ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді, мен де өзгердім. Міне, жауынгер болдым. Қабағымнан кәр төккен, ызғар шашқан жауынгермін мен! Мені қазір көрген адам бұдан он ай бұрын бар ойы оқуда, я сүйген қызында болатын жас жігіт еді-ау дей алмайды.

Менің жастығым адам баласының қызметіңе берілді. Мүмкін, мен жастығымды қайыра алмаспын. Бірақ ол босқа кетпейді, менен кіші інілерімнің еншісіне тиеді. Кейінгі жастар, жас інілерім, сендер бақытты жандарсыңдар. Сендер соғыс дегенді білмей ететін боласыңдар. Біз жастығымызды сендердің бақыттарыңның жолына құрбан еттік. Сендер. тыныш өмірде бақытты жасайтын боласыңдар.

Біз кәрлі кезеңнің, соғысты заманның жандарымыз. Біз соғыста туғанбыз, соғыста өлеміз де. Күресте тудық сол күреспен өлеміз. Осының бәрі сендер үшін, кейінгі ұрпақ!

Өткен он айдың ішінде мен бірнеше шабуылда болдым. Өлімді тіпті көп көрдім. Адам өлімін, жақсы ұғыныңдар! Жақын жолдасыңның қиналып барып жап тапсыруын көруден ауыр не болады дейсің. Ол — жаныңа қосылған досыңның өлімі, ол — тізе қосып бірге алысқан жолдасыңның өлімі! Жауды мен аямаймын, оның өліміме ішім қынжылмайды, мен адамды емес, адам бейнелі айуанды қырып жүргенімді жақсы білемін. Ал енді қасыңда жаңа ғана қызыл әскерше киінген қыршын жас өліп жатқанда жүрегің қатты ауырады, құрбылар! Осы ғажап қырғын, сұрапыл соғыс үстінде жаныңа сүйеу болатын нәрсе — біздің жігіттер ерлерше өліп жатыр деген берік сенім! Олардың өлімінде де өмір бар!

Әлі есімде, бір шабуылда мен қатты жараландым. Қан майданда қала бердім. Жолдастарым жұлқысып жатыр. Соғыс тым - ақ қатты, қырғын үстінде. Мен шыдай алмай барам, тұрғым келеді, алға ұмтылғым келеді. Амал не, қансырап барам, көтеріле алар емеспін. Жаныңа бататыны да өзіңнің дәрменсіздігің.

Бір кезде есімді жисам, қасымда бір неміс солдаты шыңғырып жатыр екен. Қызыл әскердің штаты неміс солдатына қатты қадалған көрінеді. Мен оған: «Дыбысыңды шығарма!» — деп әмір етемін. «Соғыста жылай ма.екен!» — деймін мен оған. Ол сорлы: «Орыс - ау, ей орыс, өлгелі жатырмын ғой», — дейді тым - ақ әлсіреген дауыспен. «Не үшін өлмексің?» — деймін мен тағы да. Ол жауап бере алмайды. Ауыр ыңқылдай береді.

Фриц, неге өлмексің деймін мен саған? Бұл өлім саған не үшін керек болды? Неге құмарттың елімге? Не үшің өлмексің?

Ол жауап бере алмады, сол күйі өліп кетті. Оның берер жауабы да жоқ"еді. Ол соғысқа келе жатқанда да қайда, не үшін келе жатқанын білген жоқ-ты. Ол соғысқанда да не үшін соғысатынын білген жоқ. Ол өлімге келе жатқанда да, неге елетінін білген жоқ. Ол ақымақ фриц еді, сол ақымақтықтан елді де.

Мен соғыстың қымбатқа түсетінін жақсы білемін. Соғыс орасан кеп адамның өлімі деген сөз. Бір кезде барлық адам баласы ұлы ақын Гетенің: «Біздің тәңірден . алған ең үлкен сыйымыз — өмір», — дегенін аңдып, қандай мерейленетін еді! Бұл мерейін ешкім тартып ала алмайды.

Адам ұлы адамша өмір сүрсін, адам дүниесі үшін маңыздысы да адам дүниесі болсын! Біз осы үшін күресеміз, осының жолында өмірімізді аямаймыз да! Өмір үшін күресте біз өлім дегеннен сескенуден жеркенеміз!

Адам бір-ақ рет туады, бір-ақ рет өледі. Өлім әр түрлі болады: біреу суықтан өледі, біреу қыз үшін қырқыншы өледі, енді біреулер аурудан өледі. Мұндай өлімдерді көргенде құр ғана ренжисің де қоясың. Ал естігеніңде үлкен құрметпен, бас иетін өлім де бар! Ол — майданда ерлерше өлу!

Мен жаспын, мен өмір сүргім келеді. Ең қызықты өмір әлі де алдымда екенін жақсы білейін. Менің үстімде қызыл әскер киімі, мен армияда жүрген Азия елдерінің ұлымын.

Мен өз елімді қорғаймын; момын да, бауырмал да, ардақты да елім бар!

Сол елім мен аттанарда былай деген болатын:

Тас түлегім, мен сені баулыдым, сылап өсіріп, қанатыңды қатырдым. Қиын бір кезен келіп қалды: жау жағадан, бөрі етектен алғалы тұр. Аттан, қуып - жойып қайт! Ұлым, сен кәрлі кезен соғысты заманның жігітісің, жауынгерше қимылдай біл! — деген. Мен мұны ұмытпаймын.

Мен өмірімнің өзім үшін қымбат екенін де жақсы білемін, дүниеге мен келгелі де көп болған жоқ қой. Бірақ бұл күресте сол өмірімді аямаймын да! Аяуға да қақым жоқ деп білемін. Менде ұран біреу-ақ, ол Ленин ұраны: «Не өлім, не жеңіс!»

Мен — шығыс адамымын, батысқа кетіп барам. Біраз жерге келіп те қалдың. Менің елім жақтан шығатын алтын күн мені ұзақ күн бойы жылытады, ол қашанда қасымда. Міне, кеш бола бастады. Күн батысқа еңкейіп келеді, мен де батысқа қарай келе жатырмын. Күн де мені қимағандай, ұясына қона қоймай тұр. Маған кезін тура қадап: «Шығыс ұлы, жолын болсын! Шығысқа жеңіспен қайт! Мен сені Алатаудың аясында қарсы алармын!» — деп тұр.

Күн көкжиекке батып барады. Мен әлі жүріп келем, алға кетіп барам. Мен жау тас-талқан болып жеңілгенше, ілгері қарай аяңдай беруге тиістімін.

Батыс майдан, 1942 жыл апрель.
29.10.2018
Вернуться назад