DataLife Engine / Биология | Зәрді бактериологиялық зерттеуге жинау

Биология | Зәрді бактериологиялық зерттеуге жинау

Зәрді бактериологиялық зерттеуге жинау



Мақсаты: балалардың зәріндегі қоздырғыштарды анықтау.



Көрсеткіші: балада бүйрек ауруларының анықталуы.



Кері көрсеткіші: жоқ



Керекті құралдар:



Зәр стерильды ыдыста жиналады.



Іс-әрекет алгоритмі:



1. Стерильды ыдысты дайындаңыз.



2. Зертханаға жолдаманы толтырыңыз (У-1030).



3. Науқасты сабынды сумен, содан соң антисептикалық ерітіндімен, сумен дәрет алдырыңыз.



4. Зәрдің алғашқы порциясын унитазға жіберіп, ортңғы порциясын абайлап, стерильділігін бұзбай стерильды ыдысқа жинаңыз, келесі стерильді пробиркаға 3-5 мл құйыңыз.



5. Зәрдің соңғы порциясын унитазға жібертіңіз.



6. Пробирканы стерильды тығынмен жауып 1 сағат ішінде зертханаға жіберіңіз.



Нәтижені бағалау: Қалыпты жағдайда микробтар саны 100 000-ға дейін



Ескерту:



Қыс кезінде зәрді зертханаға жылытқышы бар бикспен жіберіңіз.


Ұ
19.10.2018
Вернуться назад