DataLife Engine / Биология | Мешел Рахит

Биология | Мешел Рахит

Мешел. ( Рахит )



Д витамині аздығына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы өзгерісімен, сүйектердің менералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалармен жүйелер қызыметінің бұзылуымен сипатталатын ауру.



Мешел (Рахит) – гректің « арқа жоны » деген мағынаны білдіретін « рахис» сөзінен шыққан, өйткені мешелмен ауырған бала омыртқасының зақымдануы ертеден белгілі.



Этиологиясы Мешел ауруы пайда болуының түпкі себебі- Д витаминінің жетіспеуі. Ол осы витаминнің тағамда аз болуына немесе сәби организмінде жеткілікті мөлшерде түзілмеуіне байланысты. Оған әсіресе ультра күлгін сәулесі жетпеуінің мәні зор.



Мешелдің пайда болуына әсер ететін факторлар:



1. Таза ауа мен күн сәулесінің жеткіліксіздігі;



2. Сәбидіңжеделөсуі;



3. Полигиповитаминоз;



4. Шала жәнеегізтуу;



5. Нәрсіз, бірыңғайжасандытамақтандыру;



6. Диарея, ішекдисбактериоздары



7. Перинаталдықэнцефалопатиялар, құрысуғақарсыемдікдәрілерәсерлеріжәнеденеқимылыныңаздығы



8. Ішектен ас сіңубұзылысыныңсиндромдары



9. Экологиялықжағымсызәсерлер.



. Клиникасы. 4 кезеңі бар:



1. бастапқы кезең- вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыстар және сүйек өзгерістері мен сипатталады. 2-3 айлық ауру балада үлкен еңбегінің ауданы үлкейіп, босаң болады, бас сүйек жігі яғни желке жұмсарады (краниотабес). Бас сүйектің жұмсатығы қара құстың ( желке сүйегінің) жалпаюына әкеледі. Бұл кезде вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыс тершеңдік, сәби жастыққа басын шайқап, үйкей беретіндіктен желке шаштың түсуі, мазасыздық, үрей, қорқу, ұйықтап жатқанда селк ете түсу сияқты өзгерістермен байқалады. Қандағы негіздік фосфатаза белсенділігінің жоғарлап, зәрде аммиак, амин қышқылдары мен фосфор көбейіп, ол ащы иісті болады.



2. Дер кезеңі- сүйек жүйесінде анық талатын өзгерістерімен сипатталады.



а/ Бас сүйектері жағынан-сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі,үлкен еңбектің уақтынан кеш жабылуы, тістерінің кеш шығуы байқалады



б/ Кеуде сүйектері жағынан-5-8 қабырғаларында « мешелдік таспих» пайда болады. Қабырғалар жұмсақ, иілгіш,көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, көк еттің бекітілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Осылайша Гаррисон сайы – мешелдік патогномоникалық белгілерінің бірі көрініс табады. Баланың төсі «құс төс» немесе «етікші төс» болып өзгереді.



в/ Аяғы «Х» немесе «О» тәріздес болып өзгереді, жамбасы қушық болады, табаны жалпақ «түйе табан» болып келеді, түтікше сүйектердің өзгеруі –білек және балтыр сүйектерінің бас жағының « мешелдік білезік», саусақ буындарының жалпаюы « інжу жіптер» білінеді.



г/ Бұлшық еттердің күші төмендеп сіңірлері әлсізденеді. Құрсақ шандырының, ішектер тонусының нашарлауынан (атония) сәбидің іші үлкейеді «құрбақа іші» , оның уақытында басын ұстауы, отыра бастауы, тұруы, жүруі кешігеді.Бала отырғанда бәкіше бүктеліп қалады.



3. Айығу (Реконвалесценция) кезеңінде нерв жүйесінің зақымдану белгілері жойылады, сәбидің сүйегі қатайып, тістері шығады, тұру және жүруі қалпына келеді.



4. Қалдық өзгерістер кезеңінде рахит процесі аяқталып , бұлшық ет гипотониясы, анемия т.б өзгерістердің мүлдем жойылуы не олардың азайып, кейбіреулерінің тек ізі қалуы мүмкін . Сүйек өзгерістері өмірлік қалады.



Емі. Комплексті, жүйелі және жекебасты болуы керек. Витаминдер, минералды заттар, әсіресе құрамында кальциі бар тағамдар беру, таза ауада жеткілікті серуендеу, массаж бен гимнастиканың емдік маңызы зор. Ультракүлгін сәулесін қолдану мешелді емдеудің әсерлі тәсіліне жатады.Мешелде цитраттарды берудің мәні бар.Сауығу кезеңінде немесе мешелдің қалдықтары қалғанда тұзы, қылқан жапырақты, құмды ванналар, УФ сәулесі, бұлшық ет және сүйек диатермиясы, массаж бен гимнастика, теңізбен күн сәулесі ванналар пайдалы.Кальций және фосфор препараттарын мешелдің арнаулы ем ретінде, тек тым шала туған сәбилерге береді.



Мешелдің алдын алуы:



Антенаталдық алдын- алу-нәресте тумастан бұрынғы алдын- алу шаралары:



а/Жалпы, арнайы емес алдын-алу- жүкті әйелдің режим сақтап сүт, жеміс- жидек тағамдар қабылдап, маңызда және жеткілікті тамақтану, таза ауада көп уақыт болуымен ұштасады.



Арнайы алдын- алу. Жүктіліктің 28-30аптасынан бастап 6-8 апта бойына күн сайын 400-500 ХБ-тен Д витаминін береді.Жүктіліктің соңғы 3-4 айында гендевит поливитаминін күніне 1-2 дражеден беруге болады.Жасы 35-тен асқан, сонымен бірге жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары бар жүкті әйелге Д витаминімен мешел профилактикасын жүргігуге болмайды.



1. Мешелден постнаталдық сақтандыру-туылғаннани кейінгі мешел ауруымен күрес:

а/ Әдейіленбеген алдын-алу- міндетті түрде табиғат факторларын барынша мол және дұрыс пайдаланған жөн:күн, ауа және су, сондай – ақ уқалау мен гимнастика.Мешелдің алдын-алуда табиғи тамақтандыру, қосымша тамақтарды уақтылы енгізу, сонымен бірге баланы дұрыс күте білу және режим сақтау маңызды орын алады.



б/ Арнайы алдын-алу- Д витаминінің майлы ерітіндісін 1 айдан бастап қыс- күз айларында аптасына 2 рет (тәулігіне 500 ХБ) 1 жасқа толғанша беру.



Мешелдің алдын алуы үшін қолданылады:



0,0625%, 0,125% эргокальциферолдың майлы ерітіндісі,



0,5% эргокальциферолдың спиртті ерітіндісі







0,125% майлы ерітіндінің 1 тамшысында 1250 ХБ Д витамині;



0,5 %спиртті ерітіндінің 1 тамшысында 4000 ХБ Д витамині бар.







Д витаминінің профилактикалық дозасы 500 ХБ тәулігіне қыс, күз айларында тағайындалады.







Д витаминінің емдік дозалары:



1 дәрежелі рахитте курстық дозасы 500 000-600 000 ХБ



/ 15 000 ХБ тәулігіне 35-40 күн бойы/



2 дәрежелі рахитте курстық дозасы 600 000-700 000 ХБ



/ 20 000 ХБ тәулігіне 30-35 күн/



3 дәрежелі рахитте курстық дозасы 700 000-800 000 ХБ



/ 25 000 ХБ тәулігіне 30-35 күн/
19.10.2018
Вернуться назад