DataLife Engine / Биология | МИРКАРДТЫҢ КОРОНАРОГЕНДІК ДИСТРОФИЯСЫ НЕМЕСЕ НЕКРОЗЫ

Биология | МИРКАРДТЫҢ КОРОНАРОГЕНДІК ДИСТРОФИЯСЫ НЕМЕСЕ НЕКРОЗЫ

МИРКАРДТЫҢ КОРОНАРОГЕНДІК ДИСТРОФИЯСЫ
НЕМЕСЕ НЕКРОЗЫ

Коронарлық артериялары арқылы қанмен дұрыс қамтамасыз етілмеуі нәтижесінде жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)дамиды,Ол жүрек қызметінің бұзылуымен және жүректің ұстамалы ауыру синдромымен(стенокардиямен)сипатталады.Бұл аурудың 95%жағдайында негізгі себебі болып атеросклерозбен бүлінген коронарлық артериялардың саңылауының тарылуы есептеледі.Екінші бір себебі болып,коронарлық артериялардың нервтік-рефлекстік қатты жиырылу(спазмы)саналады.Артериялардың спазмы жан-дүниелік күйзелістердің нәтижесінде немесе ішкі ағзалардың (өт қабынан асқазаннан,көкет жарықтарынан,омыртқа аралық табақшаларынан,шеткі нервтерінен т,б) түсетін серпіндерге рефлекстік түрлерде даму мүмкін.Сонымен бірге диэнцефалдық эндокриндік аурулар(вегенативтік дискинезиялар,климакс т.б)кездерінде болу мүмкін.Бұл кезде коронарлық артериялар атеросклерозбен бүлінбеуі де мүмкін,ал тіпті бүлінбеген болса,тым қатты тарылатын түрде болмайды.Бірақ мұндай өзгерген тамырдың спазм тудыратын ықпалдарға сезімталдығы жоғарлайды.

Осы көрсетілген жағдайлар коронарлық қанайналым бұзылыстарына миокардтың ишемиясына және дистрофиялық, некроздық өзгерістеріне әкеледі. Миокардтың инфаркты дамуы мүмкін.

19.10.2018
Вернуться назад