Абыл Тілеуұлы - Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл

Абыл Тілеуұлы - Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл казакша Абыл Тілеуұлы - Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл на казахском языке


Қайыпалды егдерген шағында жас әйел алады. Тойға кезіккен Абылға Қайыпалды:

- Замандас келіншегім көңілсіз отыр, осыған арнап сөз айтып жібер, - дейді. Сонда Абыл айтыпты:

Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл,

Жігіттік - өтер, кетер бір қызыл гүл.

Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,

Қамшылап Әбу жылан мінсең дүлдүл.

Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,

Алтайы беріктен қашқан итке алдырмас.

Ау, тақсыр, алған жарың жақсы болса,

Көңіліңді дүниеде бір қалдырмас.

Алғаның жаман болса, басың күтпес,

Кей пенде, Тәңір салса, тастап кетпес.

Жігіттер, болсаң тату, жақсымен бол

Дүниенің асылындай баға жетпес.

Ел болмас мақтаса да кісі еліндей,

Жіп тұсау - жаман жолдас - кісеніңдей.

Қанша жақсы десең де соңғы жолдас,

Бола алмайды әуелгінің мүшеліндей.

Ханымды сен айтасың келіншек деп,

Ханды ханым айтпағай еріншек деп.

Тіліңді халқың алса да, қатының алмас,

Бұзаудай ноқта тартқан шегіншектеп.




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, Абыл Тілеуұлы әңгімелері, абыл тулеуулы рассказы на казахском языке, абыл тулеуулы ангимелери казакша, Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл, Абыл Тілеуұлы әңгімелері, абыл тулеуулы рассказы на казахском языке, абыл тулеуулы ангимелери казакша, Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл, Абыл Тілеуұлы - Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер