Абыл Тілеуұлы - Шерниязға айтқаны

Абыл Тілеуұлы - Шерниязға айтқаны казакша Абыл Тілеуұлы - Шерниязға айтқаны на казахском языке


Абыл кете Шернияз ақынның ауылына келеді. Шернияз атақты ақынға сөз айтуға жүрексінеді де, Абылдың ақындық дарынын байқамақ болып, жеңгесіне бірауыз өлең үйретіп, өзі бой тасалайды.

Ат туар айғыр салса асыл тектен,

Бай, батыр, ақын, жыршы – бәрі де өктем.

Құрмаға мырза, шора жиналса да,

Айтайын шындық сырын бұрын өткен.

Нәсілін атаңыздың білемісіз,

Шығыпты Адай ағам қыздан еппен, - дейді. Сонда Абыл:

Ат туар айғыр салса асыл тектен,

Бай, батыр, ақын, жыршы – бәрі де өктем.

Құрмаға мырза, шора жиналса да,

Айтыңыз шындық болса бұрын өткен.

Біреудің жаттамалы сөзін айтып,

Япырым-ай, мұнша неғып есің кеткен?

Бұл сөзді бір-екі ауыз кім үйреткен,

Шернияз соны үйреткен қайда кеткен? –деп сөздің төркіні Шернияздан келгендігін бірден сезіпті. Сол кезде Шернияз шыға келіп, сәлем береді де, Абылды арашалаған болып былай дейді:

Ат туар айғыр салса асыл тектен,

Асауды үйретеді күші жеткен.

Айғыр салмай үйірге Адай ағам,

Қыздан туа салыпты жеңгесі еткен.

Қайдан білсін Абекең кім екенін,

Тұқым шашып ананың өңіріне,

Құмартып өніміне егін еккен.

Шернияз екі сөзінде де Адай некесіз қыздан туыпты дейтін аңызды тілге тиек етіп, Абылды қағыта өтеді. Оны сезген Абыл:

Өзгеге тартқан жерім жоқ,

Қушық маңдай, шекесіз,

Өзіңмен өзім тең болсам,

Атамды сұрап не етесіз?!

Заманында өзі болған жігіттің

Жеті атасын сұраған жетесіз, - депті. Абыл талантына риза болған Шернияз аға ақынмен бірге ел аралап, одан өнеге алыпты.