Биология | Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы

 Биология | Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы

Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) – сәулелендіруден өткен жасушалар ұрпақтардағы көптеген генетикалық өзгерістердің de novo туындауы. Радиацияның әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы бірнеше ұрпақтарға беріледі, сондай-ақ, бастапқы ұрпақтар жасушаларында байқалатын генетикалық өзгерістер сәлелендіруден өткен жасушаларда пайда болған өзгерістерден ерекшеленуі мүмкін. Осы күнге дейін есептеліп келген, сәлелендіру кезінде жасушада пайда болатын жасушалардың қырылуы, мутациялар, хромосомалық аберрациялар және ісіктердің тасымалдануы сияқты, ДНҚ-ның алғашқы құрылымының қайтымсыз зақымдалуының нәтижесі болып табылатын, иондаушы радиацияның ағзаға кері әсерінен пайда болатын осындай биологиядық өзгерістер нәтижесі болып саналатын. Бірақ бұған қарама-қарсы нәтижелер алынған, сәлелендіруден кейін тірі қалған жасушалардың бір бөлігі түрі өзгерген ұрпақ беруі мүмкін, бұдан бірнеше ұрпақтар бойы жиілігі жоғары хромосомалық аберрациялар мен гендік мутациялар пайда болуы мүмкін, кейбір жағдайда апоптоз жолымен жасушалардың көптеп қырылуына әкеліп соғады және т.б. Бұл кешеуілді радиация әсерінің байқалуы радиация әсерінен туындайтын геном тұрақсыздығы (РӘТГТ) деген атпен мәлім. Геном тұрақсыздығының ең негізгі туындыларының бірі болып, генотоксикалық агенттердің әсерінен пайда болатын цитогенетикалық өзгерістер болып табылады. Территориясы радионуклидтермен ластанған аймақта тұратын адамдарға цитогенетикалық зерттеу жүргізгенімізде алғашқыда пайда болған тұрақсыз аберрациялардың уақыт өте келе біртіндеп жойылатындығы мәлім. Сондықтан кейінгі кезде кешеуілді сәлелендіруден кейін пайда пайда болатын тұрақты хромосомалық аберрацияларды зерттеу қарқынды дамуда. Осы типтегі аберрацияларды тұрақсыз аберрациялармен салыстырғанда, ағзада ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін. Сондай-ақ, уақыт өтсе де бұл аберрациялардың орташа жиілігі мүлдем өзгермейді және екінші рет тексерген жағдайда да сол деңгейде сақталады. Бірақ ең қауіптісі осы келешек ұрпақтарға тұрақсыз күйдің берілу мүмкіндігі, ұрпақтар жасушаларында ол қазіргі кезде «геном тұрақсыздығы» деген атпен белгілі молекулалық-генетикалық өзгерістердің қалыптасуына әкеліп соғады. Сол сияқты, адамдардың бірінші буынындағы ұрпағының дене жасушаларында да цитогенетикалық өзгерістер жиілігі жоғары болды ұрпағы пайда болмай тұрып радиация әсеріне ұшыраған. Яғни ата-аналарының гаметалары генотоксикалық әсерге ұшыраған болса, олардың балалары жоғары мутациялық және канцерогендік қауіпті топқа жатады. Сондай-ақ, РӘТГТ-на жасушалардың белсенділік жауап түзу қасиетін жоғалту және қосымша сәлелендіруге сезгіштікті жоғарлату қасиеті де жатады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі