Жан арпалысы

Жан арпалысы казакша Жан арпалысы на казахском языке


Екі тіркес бар. «Әкем аман болсын» және «жан арпалысы». Әкем аман болсынды ұстану жалқаулықты, салғырт болуды, ертеңді ойламауды, біреудің арқасында күн көруді, өзге жүк болуды қалыптастыратын жаман, улы өмір салты. Бұл сөз әкелері өзінен де ұзақ өмір сүретінін ойлап, еңбек етуді, өндірісті оларға тапсырып, өмірлерінің соңын өкінішпен өткізетін, жастық қабілеттердің тежегіші болып табылады. Өкінішке орай айналамызда осындай әке мен балалар жеткілікті. Тіпті ерке қылықтарымен әкесінің лауазымына балта шауып жатқандары қаншама.

Ал жан арпалысына келер болсақ, сіздің осы күнге дейін мүлдем қолданбаған жасырын қабілеттеріңіздің оянуын қамтамасыз ететін қуат. Өйткені жанның қамы, өлімнен қорқу салдарынан пайда болатын өте әсерлі қозғаушы күш. Көпшілігімізде қабілет бар, бірақ бейжайлық, жалқаулық секілді себептермен биіктерге талпына бермейміз.

Түнгі ауысымда жұмыс істейтін бір кісі, түннің жарымында үйіне қайтып келе жатып, жолды қысқартпақ болады. Бірақ қысқа жол мазараттың ішінен өтетіндіктен аздап тартынғанымен, «күндіз қорқпай өткен жерімнен, түнде неге қорқуым керек» деп өз-өзіне күш-жігер беріп, мазар ішімен төте жолға түседі. Келе жатып кенеттен ертеңгі жерлеуге дайындап, жаңа қазылған қабірге құлап түседі. Өте терең қазылған болса керек, ары тырмысып, бері тырмысып қабірден шыға алмайды. Қанша айғайласа да, түннің жарымы айналада ешкім болмағандықтан қол ұшын берер жан келе қоймады. Амалсыз арқасын дуалға сүйеп таңның атуын күтуді ұйғарады.

Біршама уақыттан соң дәл осы жолмен жүрмек болған бір мас кісі де әлгі шұңқырға құлап түседі. Не болғанын түсінбеген мас, алаңғасарланып түрегеп шұңқырдан шықпақ болып тырмысады. Кенеттен шыққан тарсылдан зәресі ұшып, бұрышта қорққанынан тілі тұтылып отырған адамды әлгі мас байқамаған болатын. Шұңқырдан шығуға қаншама талпынғанымен онысынан ештеңе шықпайды. Мастың секіріп, тырмысып жатқанын біршама бақылап отырған баяғы кісі орнынан тұрып, мастың арқасынан келіп иығына қолын қойып: «Босқа әуре болма, шыға алмайсың» дейді. Бұдан кейін не болғанын жобалап та отырған боларсыздар. Әлгі мас секіргені сол, шұңқырдан ытқып шығып қаша жөнеледі. Тіпті бір орнында тұрып биікке секіруден рекордты жаңартқанын айтса артық етпес.

Жан арпалысы болмаса да, қабілетін шыңдап жоғарыға сәл көбірек құлшыныс жасалса ешкімнің шыға алмайтын шыңы, бағындыра алмайтын белесі қалмайтынына осы оқиға жақсы мысал болса керек...




KZ » Қазақша Әңгімелер & Мақалалар жинағы, түседі, отырған, тырмысып, қазылған, соңын, өкінішпен, болып, алмайтын, керек, болса, құлап, тіркес, қаншама, тапсырып, «Әкем, болғанын, шұңқырдан, болатын, тұрып, түседі, отырған, тырмысып, қазылған, соңын, өкінішпен, болып, алмайтын, керек, болса, құлап, тіркес, қаншама, тапсырып, «Әкем, болғанын, шұңқырдан, болатын, тұрып, Жан арпалысы ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер